2023 жылғы 18 қыркүйекте ұшқышсыз әуе кемелерін пайдаланушылар үшін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрдің м. а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормалары» және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрдің м.а. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 706 «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұщқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарға өзгерістер енгізілгенге дейін көрсетілген талаптарға Ұшқышсыз авиациялық жүйелер жөніндегі оператордың сәйкестігі мақсатында ұшқышсыз жүйелер жөніндегі Атқарушы директивалар күшіне енеді.
Директивалар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларының 9-тарауының және 3-тарауының 23, 24, 25-тармақтарының талаптарын іске асыру мақсатында әзірленді.
Ұшқышсыз авиациялық жүйелер бойынша ұшу-техникалық талаптар мен ұшу жарамдылығы стандарттары туралы атқарушы директивамен және ұшқышсыз авиациялық жүйелер бойынша оқытудың талаптары мен рәсімдері туралы ұшқышсыз авиациялық жүйелер жөніндегі атқарушы директивамен танысу үшін келесі сілтеме https://caa.gov.kz/kz/ispolnitelnye-direktivy арқылы өтуге болады.
15 қыркүйекте Алматы қаласында«KazHackStan» конференциясы аясында .KZ және .ҚАЗ домендік атауларын реттеу мәселесібойынша пленарлық сессия өтті.
БҰҰ Халықаралық Электр байланысыодағының ТМД бойынша бағдарламаларыныңүйлестірушісі Фарид Нахли сессияныңмодераторы болды.
Жиында ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттыққауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов; «Қазақ желілік ақпарат орталығы»мекемесінің директоры Павел Гусев; ШығысЕуропа және Орталық Азия аймағындағы ICANN корпорациясының өкілі Михаил Анисимов; CloudFlare компаниясының ТМД бойыншакоммерциялық директоры Никита Золотарев; «Компания Hoster.kz» ЖШС директоры Денис Сухачев; «Интернет-компания PS» ЖШС Бас директоры Никита Красулин өз баяндамаларын оқыды.
Руслан Әбдіқалықов .KZ и .ҚАЗ. домендік атауларын мемлекеттік реттеу, сондай-ақ домендік атауларды қорғауға арналған құралдыұсыну туралы айтты.
Сессия барысында қатысушылар домендік атауларды тіркеу және пайдалану бойыншамаңызды мәселелерді талқылады, сондай-ақ оларды реттеуге қатысты түйткілді тұстардыанықтады. Интернет сегментінің қазақстандық кеңістігін дамытуға да айрықша назар аударылды.
Конференцияға қатысушылар .KZ және .ҚАЗ домендік атауларын дамытуға байланысты мәселелерді егжей-тегжейлі талқылау үшін жұмыс тобын құру бойынша келісімге келді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/620089?lang=kk
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Тулеушин Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттері өндірушілерінің халықаралық көрмесіне қатысу аясында, цифрландыру саласындағы тәжірибені беруді көздейтін бірқатар құжаттарға қол қойды.
Атап айтқанда, ЦДИАӨМ, «ҰАТ» АҚ мен Тәжікстан Республикасының Өнеркәсіп және жаңа технологиялар, сондай-ақ Экономикалық даму және сауда министрліктері арасында жол карталарына қол қойылды. Бұл келісімдер келесіні көздейді: мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай порталын енгізу веб-сайт құрастырушыны еңгізу; мемлекеттік қызметшілерді оқытуды жүргізу; электрондық лицензиялауды жүзеге асыру бойынша ақпарат беру және бағдарламашыларды оқытуға ваучерлер бөлу туралы.
Сонымен қатар, «РҒБО» АҚ (Қазақстан) мен «Нет Солюшенс» ЖШС (Тәжікстан) арасында «KazSat-3» ғарыш аппараты арқылы Тәжікстан Республикасының 10 жекелеген ауылдық елді мекендерін интернет желісіне қосу бойынша пилоттық жобаны іске асыруға қатысты ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша 50-ге жуық шалғай ауылды интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда.
«Осы құжаттарға қол қою – Қазақстандағы ІТ саласының дамуының жаңа кезеңі. Біз алғаш рет отандық GovTech шешімдерін экспорттап жатырмыз. «ҰАТ» АҚ заманауи электрондық үкімет инфрақұрылымын құрудағы тәжірибемізді Тәжікстандағы әріптестерімізге беру міндетін алды. Өз кезегінде "РҒБО" АҚ пилот шеңберінде 10 ауылда интернет ұсынып, содан кейін жобаны келесі жылға 50 ауыл үшін коммерцияландырады», - деді Қ.Тулеушин құжаттарға қол қойғаннан кейін.
Аймақ мемлекет басшыларының V Консультативтік кездесуіне орайластырылған Орталық Азия мемлекеттерінің тауар өндірушілерінің халықаралық көрмесі әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші сала өкілдерін, зерттеушілер мен инноваторларды жинады.
Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Әзербайжан басшылары ұлттық павильондарды аралап, қатысушы елдердің экономикалық жетістіктерімен танысты.
Көрмеде Қазақстанның 24 жобасы, оның ішінде Smart Data Ukimet, Egov Mobile, Интернет ресурстарының бірыңғай платформасы, KazSat-3 ғарыш аппараты сияқты инновациялар, сондай-ақ Жерді қашықтықтан зондтау деректеріне негізделген қызметтер (JerInSpectr, Minerals) ұсынылған. Іс-шараға үкімет өкілдерінен басқа қазақстандық жеке компаниялар да қатысады, соның ішінде BEYNE.AI, 7Generation, AG TECH, Ordamed және т.б.
Компаниялар тізімі: «ҰАТ» АҚ, «RCKS» АҚ, «NK KGS» АҚ, OrdaMed Astana, Eltex Alatau, XFinity solutions, Qazaq technology, Beyne.ai, 7Generation, IT space, Intellect, OST engineering, AIMI Automation Services, Abi tech, AG tech, Kvazar, Daudalus Mind, OTRI, AARDVARK, ALMA U.
Бұл көрменің мақсаты – ақпараттық технологиялар мен аэроғарыш өнеркәсібі салаларындағы инновациялық шешімдер мен өнімдерді ілгерілету, сондай-ақ серіктестік орнату және тәжірибе алмасу алаңын құру. Көрме 14-16 қыркүйек аралығында өтеді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/619248?lang=kk
15 қыркүйекте Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік бойынша «Kazakhstan-2023»жетекші конференциясы аяқталды. Бұл іс-шара бір жерде 4000-ға жуық АҚ-сарапшыларының, IT-мамандардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, БАҚ, бизнес және вендорлар өкілдерінің басын қосты.
3 күнге созылған іс-шара аясында Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов Қазнет кеңістігінде сервистер мен қосымшалардың қауіпсіздігінде кеткен осал тұстарды анықтағаны үшін үздік 10 ақ хакерді марапаттады. BugBounty.kz анықталған осындай осал тұстар туралы есептерді сыйақы үшін хабарлауға және жіберуге мүмкіндік береді. Естеріңізге сала кетейік, бұл алаңды Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы ЦДИАӨМ-мен бірлесіп іске қосты.
«Мен осы іс-шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысымды білдіргім келеді. Мұндай іс-шаралар біздің еліміздегі киберқауіпсіздік деңгейін арттыру жолындағы маңызды қадам саналады. Осы орайда, BugBounty бағдарламасының жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз! Сіздердің жұмыстарыңыздың киберқауіптермен күресудегі маңызы орасан, сондықтан күш-жігерлеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңізге ризамыз. Сіздер – біздің заманымыздың нағыз батырларысыздар!», - деді Руслан Әбдіқалықов.
Сондай-ақ, «KazHackStan» конференциясы аясында «OSINT және Киберқауіпсіздік: цифрлық әлемдегі барлау және қорғау» тақырыбында workshop өтті. Онда Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының сарапшысы Виталий Перов спикер болды. Оқытуға мемлекеттік органдар мен жеке сектордан 300-ден астам қызметкер қатысты. Workshop қатысушыларды ашық барлау көзі (OSINT) және киберқауіпсіздік әдістері мен құралдарымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.
Виталий Перов өзінің киберқауіпсіздік саласындағы тәжірибесін бөлісіп, желідегі компаниялар мен ұйымдар бетпе-бет келетін әдеттегі қауіп-қатерлер туралы айтты. Ол кибершабуылдардың алдын алу үшін қандай қорғаныс шараларын қолдануға болатынын және оған қандай құралдар мен технологиялар көмектесе алатынын түсіндірді. Сондай-ақ, АКТ-ны қолдану арқылы қылмыстарды ашу бойынша CyberPol-мен бірлесе жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
Конференцияға қатысушылар үш күн бойы өздерінің жинаған білім-біліктерін, тәжірибелерін және идеяларын белсенді түрде бөлісті.Киберқауіпсіздікке қатысты оқыту мен дамытудың әртүрлі аспектілеріне арналған сессиялар осы саладағы ең өзекті сын-қатерлер мен бастамаларды айқындауға мүмкіндік берді.
Спикерлер күрделі кейстерді бөлісті, соңғы трендтер туралы айтып, аудиторияның қойған сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар, кестеге сәйкес әртүрлі workshop-тар болды. Алаңда компанияның стендтері де орналастырылды, қатысушылар олардан мансаптық мүмкіндіктер, сондай-ақ оқыту бағдарламалары жайлы қажетті ақпаратты көруге мүмкіндік алды.
KazHackStan — бұл тәжірибе алмасу, ақпараттық және киберқауіпсіздік саласындағыөзекті мәселелерді талқылау және шешу алаңы.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/620064?lang=kk
Біздің маңызды стратегиялық міндетіміз – Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді.
Мемлекет басшысы цифрландыру ісіне және инновацияны енгізу мәселесіне баса мән беретінін айтты.
«Біз электронды үкіметті және финтехті дамыту индексі бойынша әлем көшбасшыларының қатарында тұрмыз. Былтырдың өзінде ІТ саласындағы экспортымыз бес есе өсті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 500 миллион долларға жетуі мүмкін. Әрине, мұнымен шектелмейміз. 2026 жылға қарай ІТ қызметтерінің экспортын бір миллиард долларға жеткізу – Үкіметке жүктелетін жаңа міндет», - деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев венчурлық қаржыландырудың инновациялық жобаларды іске қосудағы рөлін және жобаларға еліміздегі және шетелдегі инвесторлардың қызығушылығын арттыру үшін құқықтық және қаржылық мәселені шешу қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ дарынды әрі ойы ұшқыр, яғни креативті азаматтарға жағдай жасау үшін өңірлерде инновациялық экожүйе қалыптастыруға мән беру керектігін айтты.
«Біз олардың өз әлеуетін толық ашуына жағдай жасауымыз керек. Аймақтағы жоғары оқу орындарының негізінде біртұтас инновациялық экожүйе құру қажет. Оны нақты сектормен тығыз ынтымақтаса отырып жүзеге асырған жөн. Бұл жұмысты әрбір облыс орталығында жүргізу керек. Астана хабының тәжірибесін кеңінен пайдаланған жөн», - деді ҚР Президенті.
Өңірлік IT хабтарды дамыту Astana Hub-тың басты міндеттерінің бірі. Мақсат - биыл ел бойынша 14 өңірлік IT-хаб ашу. Естеріңізге сала кетейік, ҚР ЦДИАӨМ бастамасымен, Astana Hub және жергілікті ақтарушы органдардың қолдауымен жыл басынан бері Қазақстанның 8 өңірінде: Abai IT Valley (Семей), Kyzylorda Hub (Қызылорда), Digital Jetisu (Талдықорған), Zhambyl Hub (Тараз), Oskemen IT Hub (Өскемен), Jaiq Hub (Орал), Turkistan IT Hub (Түркістан), Aqtobe IT Hub (Ақтөбе) және Qostanai IT Hub (Қостанай) ашылды.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
https://astanahub.com/ru/article/k-tokaev-sleduet-shiroko-masshtabirovat-opyt-astana-hub