Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) «AI-Sana: инерциядан серпінге» ұранымен ауқымды іс-шара өткізді. Игі бастама жасанды интеллектіні (ЖИ) кеңінен насихаттауға және оны экономиканың түрлі салаларына енгізуді көздейді. Қазақстан ЖИ технологияларын дамыту және енгізу бойынша өңірдегі көшбасшы атанып отыр. Мемлекет цифрлық трансформацияға стратегиялық әрі кешенді көзқараспен қарап, Еуразиялық цифрлық хаб құруға ұмтылып келеді. Іс-шараның модераторы — «Talap» қолданбалы зерттеулер орталығының бас экономисі Рахим Ошақбаев болды. Талқылауға қатысқан Президент Кеңесшісі Қуанышбек Есекеев өзінің кіріспе сөзінде, Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту үшін барлық алғышарттар бар екенін және бұл бағытта белсенді қадамдар жасау қажеттігін атап өтті: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев Қазақстан тек жаһандық трендтерді бақылап қоймай, сонымен бірге технологиялық күн тәртібін өзі, жеке қалыптастыруы қажет екенін мәлімдеді: Министр сондай-ақ Alem.AI орталығының жұмысымен таныстырды. Онда кез келген тұрғын жасанды интеллект негіздерін оқи алады. Бұл жобалар цифрлық экономиканың инфрақұрылымын дамытуға және кадрларды даярлауға бағытталған. Іс-шара барысында банк секторы, денсаулық сақтау және білім беру салаларында қолданылып жатқан ЖИ жобалары ұсынылды. Олардың қатарында, Haileybury Astana мектебінде жасанды интеллектіні оқу процесіне енгізу жобасы да бар. Талқылау барысында, технологиялық прогреске қарамастан, негізгі бастамашы және ЖИ жүйелерінің негізгі пайдаланушысы — адам болып қала беретініне баса мән берілді. |