Қазақстан енді ресми түрде цифрлық көшпенділерді қолдайтын елдердің қатарына қосылды. The Astana Times басылымы жариялаған арнайы сюжетте шетелдік фрилансерлер мен IT-мамандарға арналған екі жаңа визалық бағдарлама таныстырылды. Neo Nomad Visa – еркін әрі креативті өмір салтын ұстанатын мамандарға, ал Digital Nomad Visa – қашықтан жұмыс істейтін жоғары білікті IT-сарапшыларға арналған.

Digital Nomad Visa ерекшеліктері мен оның қандай мүмкіндіктер ұсынатыны жөнінде Astana Hub-тың қатысушыларды қолдау кеңсесінің аға менеджері Ұлжан Қоқыбасова айтып берді.

Толық репортажды The Astana Times YouTube арнасынан көре аласыз.

https://astanahub.com/ru/article/nomad-visa-kazakhstan-stanovitsia-novym-napravleniem-dlia-tsifrovykh-kochevnikov