31 қазанда еліміздің 88 қаласында бастапқы рұқсат беру
құжаттамасын және техникалық шарттарды беру жөніндегі мемлекеттік қызметті автоматтандыру жобасы пилоттық режимде іске қосылады. Аталмыш құрал осы реттелетін қызметті көрсетудің ашықтығын арттырады. Пайдаланушыларға бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын (ЕТЖЖ) көрсететін цифрлық карта қолжетімді болады, бұл аумақтың инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін ескере отырып және қала құрылысы регламенттерінің бұзылуын болдырмай, құрылысты жоспарлауға мүмкіндік береді. Осылайша, 2024 жылғы 17 қазанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс, Цифрлық даму, Ұлттық экономика министрліктерінің «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну», «Эскизді (эскиздік жобаны) келісу» және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МҚҚК ААЖ) арқылы инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға техникалық шарттар беру мемлекеттік қызметтер көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы бірлескен бұйрығына қол қойылды. Пилоттық жоба осы жылдың 31 қазанында еліміздің 88 қаласында gov.ggk.kz цифрлық платформасында іске қосылады. Өтініш берушіден тек қажетті қызметті таңдау, бас жоспарлар мен ЕТЖЖ деректерін қосу және өтініштің тиісті нысанын толтыру талап етіледі. Жер учаскесі болған кезде және кадастрлық нөмір жүргізілген кезде құқық иеленушіні тексеру және оны картада көрсету жүргізіледі. Техникалық шарттарды алған кезде пайдаланушыларға инженерлік желілер мен бос қуаттардың көрсетілуі де қолжетімді болады. Жер учаскесінің меншік иесі негізсіз бас тартудан қорықпай инженерлік желілерге қосылуға өтінім бере алады. Осылайша мемлекеттік қызметтің ашықтығы арттырытатын болады. Цифрлық платформаны пайдалану егжей-тегжейлі нұсқаулықтары gov.ggk.kz геопорталында орналастырылған. |