Салаларды цифрлық трансформациялау – экономиканы дамытудың негізгі міндеттерінің бірі. Дегенмен, бұл бизнес-процестер қайта қаралатын ғана емес, сонымен қатар ұйымдық мәдениеттің өзі де өзгеретін күрделі процесс екенін ескерген жөн.

Өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы үшін осы трансформациялардың негізгі құралына айналатын Ұлттық индустриялық ақпараттық жүйені құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ҰӨАЖ құру кезінде маңызды аспект – әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға назар аудару. Өнеркәсіптік жүйе мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жеңілдете отырып, бюрократиялық процедураларды азайтуға арналған

Мысалы, егер қазір есептерді беру кезінде барлық ақпаратты қолмен толтыру қажет болса, онда ҰӨАЖ функционалдығы кәсіпорындардың уақыт шығындарын азайтады. Егер ақпарат қазірдің өзінде цифрлық нысанда болса, ол жай ғана ҰӨАЖ-мен ақпараттық өзара әрекеттесу арқылы мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен қайта бағытталады.

Есептерді сұрауды мүлдем тоқтатуға тырысу керек, қажетті деректер сезбектер мен есеп аспаптары арқылы цифрлық түрде жасалады.

ҰӨАЖ өнеркәсіптік секторды басқару мен дамытудың кешенді тәсіліне негізделетінін айта кету керек. Бұл жүйені енгізу өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде саланың жай-күйі туралы өзекті ақпаратты қамтитын орталықтандырылған бірыңғай деректер қорын құруды көздейді. Жүйелік модульдер мемлекеттік органдар мен сала субъектілерінің өзара іс-қимылының әртүрлі аспектілерін қамтуды жоспарлап отыр, бұл саланы кешенді қолдауды және тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Бұл тәсіл өнеркәсіптегі мемлекеттік қызметтердің сапасын жаңа деңгейге көтереді. Бизнес-процестерді реинжиниринг нәтижелері бойынша, негізінен, кәсіпорынның цифрлық профилі құрылады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта көрсетуге мүмкіндіктер ашады.

ҰӨАЖ кәсіпорындарға олардың өсуі мен дамуы үшін қажетті көмек көрсете отырып, өнеркәсіпті ынталандыру бойынша әртүрлі бағдарламалар мен бастамаларды қамтитын болады. Кешенді талдау және болжау мемлекеттік органдарға саланың жай-күйін бағалау мен болжамды қалыптастыруға көмектеседі. Кәсіпорындар көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат ала алады.

ҰӨАЖ бизнес жағдайын жақсартуға, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді азайтуға көмектесетін Қазақстандағы өнеркәсіптік саясатты дамытудың тиімді құралына айналады деп күтілуде.

ЦДИАӨМ баспасөз қызметі