Бүгін Кеңес мүшелері – мемлекеттер өкілдері Халықаралық АТ стартаптар «Astana hub» технопаркінің жұмысымен таныс болды. Технопарк қызметінің оо шарттарымен, мақсаттырмен, жетістіктерімен Astana hub басшысы Мағжан Мадиев таныстырды.
Сонымен қатар делегаттар қазақстандық үздік IT стартап компаниялардың қатарына кіретін ұйымдардың қызметімен таныстырылып өтті. Олардың ішінде: «Bilim Land» ЖШС, « «Даму» Ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС, «Kazdream Technologies» ЖШС, «Damumed» ЖШС Әрбір компания өзінің ашылу тарихымен, жетістіктері жөнінде айтып өтті.
Күн Astana IT University-ге сапармен аяқталды. Университет ректоры университеттің қызметі мен бағдарламалары, студенттердің артықшылықтары, мүмкіндіктері мен жетістіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
дереккөз: https://www.facebook.com