QazIndustry приглашает IТ-компании на Площадку цифровой трансформации

Қазіргі таңда «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы отандық өнеркәсіп саласына цифрлық жаңашылдықтар енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Атап айтқанда, орталық кәсіпорындар мен өзге де ұйымдар үшін арнайы Цифрлық трансформациялау алаңын әзірледі. Бұл алаң тараптардың өзара іс-қимылын дамытуға арналған.

Жоба сәтті жүзеге асырылса салада көптеген оң өзгерістер орын алмақ. Мәселен, отандық IT-нарықтың өнеркәсіппен ынтымақтастығы нығайып, өнеркәсіптік бағыттағы кәсіпорындардың кәсіби біліктілігі мен цифрландыру деңгейі артпақ.

Бүгінде Цифрлық трансформациялау алаңында кәсіпорындардың 400-ден астам цифрлық жеке профилі мен қазақстандық 70 IT-компанияның 100 шешімі жинақталған.

http://digital.qazindustry.gov.kz/ сайтына тіркелу үшін байланыс деректерін, БСН және ұйым туралы мәліметтерді толтыру қажет.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі