Вице-Министр Малик Олжабеков бастаған Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делегациясы 74-ші Халықаралық Астронавтика конгресіне қатысты.

Конгресс – ақпарат пен идеялар, әзірлемелер мен жетістіктер, стратегиялар мен жаңа тенденциялармен алмасу үшін ғарыш қауымдастығының, ғарыш агенттіктері мен ұйымдарының өкілдері, жиналатын әлемдегі басты ғарыш саласындағы оқиғалардың бірі. Биылғы жылы конгресс 2023 жылғы 2-6 қазан аралығында Баку қаласында (Әзербайжан Республикасы) өтуде.

Вице-Министр М.Олжабеков Конгресс шеңберіндегі жоғары деңгейдегі іс-шараларға қатысып, «Ғарыш 2030: Жаһандық ғарыш экономикасындағы Саясат және Стратегия» Пленарлық сессиясында спикер ретінде сөз сөйледі.

Сондай-ақ, Баку қаласында шетелдік ғарыш агенттіктері мен компаниялары басшыларының өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізілді. Ғарыш аппараттарын құру және пайдалану, Жерді қашықтықтан зондтау, ғарыштық мониторинг деректері негізінде цифрлық технологиялар мен платформаларды интеграциялау саласында тәжірибе алмасу, бірлескен бағдарламаларды, ғылыми және зерттеу жұмыстарын іске асыру және т. б. бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Биылғы жылы NASA, Thales Alenia Space Italy, Blue Origin, Planet, SpaceX, Еуропалық ғарыш агенттігі сияқты ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ: Сауд Арабиясы Корольдігі, Ресей Федерациясы, Канада, Үндістан Республикасы, Жапония, Біріккен Араб Әмірліктері, Әзербайжан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Израиль Мемлекеті, Түркия Республикасы, Люксембург Ұлы Герцогтігі спикерлер мен қатысушылар ретінде мәлімделді.

Қазақстанның 74-ші Халықаралық Астронавтикалық конгреске қатысуы ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану саласындағы жетекші халықаралық ұйымдармен және агенттіктермен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін береді.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/631448?lang=kk