Mastercard и Казахстан: Партнерство в цифровой экономике и GovTech-решениях

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Mastercard халықаралық төлем жүйесі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

2023 жылғы 18 қыркүйек, Нью-Йорк -- Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың АҚШ-қа сапары аясында мемлекет басшылығының Mastercard мемлекеттік сектор бойынша жаһандық жетекшісі, стратегиялық өсу атқарушы вице-президенті Никола Вилламен екіжақты кездесуі өтті.

Mastercard Қазақстанның цифрландыру, электрондық үкімет пен қолма-қол ақшасыз экономиканы дамыту салаларындағы жетістіктеріне жоғары баға берді. Қазақстандық тәжірибе аталған компания өз қызметін жүргізетін басқа елдерде зерттеліп, белсенді түрде қолданылып келеді. Қазіргі уақытта Mastercard өңірлік хаб құру жолымен өзінің Қазақстандағы аясын кеңейтіп келеді, сондай-ақ электрондық коммерция және ШОБ нарығын, туристік индустрияны дамыту бойынша үкіметпен тығыз ынтымақтастық орнатқан, әйелдер кәсіпкерлігін қолдайды, «ақылды қалалар» және тағы басқа бастамалар үшін қажетті шешімдерді енгізеді.

Тараптар электрондық үкімет пен цифрлық экономиканы дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Инновациялар мен цифрландыруды енгізуді жеделдету мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын одан әрі арттырып, барынша инклюзивті және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қалай әсер ететіні туралы пікір алмасты.
Mastercard Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған стратегиялық міндеттерді орындай отырып, ұлттық төлем жүйесін және адами капиталды дамытуда сараптамалық және технологиялық қолдау көрсету үшін туризм саласындағы серпінді жобаларды одан әрі іске асыру, микро, шағын және орта бизнесті, IT -экспорттаушыларды және креативті индустрияны қолдау бағдарламаларын жүргізуде Mastercard желісі арқылы GovTech қазақстандық моделін ілгерілету мақсатында Қазақстан Үкіметіне жәрдемдеседі.

Аталған уағдаластықтарды іске асыру мақсатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен Mastercard-тың мемлекеттік сектормен жұмыс жөніндегі аға вице-президенті Никола Вилла Ынтымақтастық туралы келісімге келді, оның шеңберінде Mastercard Министрліктің консультациялық қолдауымен Қазақстанда цифрлық әріптестіктің бес жылдық бағдарламасын (Kazakhstan Digital Country Partnership) әзірлеп, іске асыруға ниет танытып отыр.

Ынтымақтастық келесі бастамаларды қамтиды:
• Mastercard жаһандық желісін пайдалана отырып, GovTech қазақстандық моделін ілгерілету;
• түрлі салалардағы (мемлекеттік төлемдер, ауыл шаруашылығы, білім беру және т. б.) төлемдерді цифрландыру есебінен қаржылық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту;
• IT экспортты, электрондық коммерцияны, ШОБ-ты цифрландыруды, финтех экожүйесін ілгерілету және дамыту бойынша ынтымақтастық;
• туризм және қалалық көлік секторларына баса назар аудара отырып, Қазақстанның «ақылды қалалары» бағдарламасын қолдау;
• киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жүргізу арқылы қауіпсіз және тұрақты цифрлық экожүйені құруға жәрдемдесу;
• тараптар халықтың әртүрлі топтарының цифрлық және қаржылық сауаттылығымен байланысты жобаларды ілгерілету жөніндегі ынтымақтастыққа айрықша мән беретін болады.

«Қазақстан Президенті жақында халыққа арнаған Жолдауында цифрландырудың және инновацияларды енгізудің маңыздылығы туралы айтты. Мемлекет басшысы стратегиялық тұрғыда маңызды міндет қойды. Ол - Қазақстанды IT-бағдарланған елге айналдыру. Біздің цифрландыру саласындағы елеулі табыстарымызға және электрондық үкімет пен қаржы технологияларын дамыту индекстері бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына енуімізге сүйене отырып, ел Үкіметі осы салада жаңа мақсат-міндеттер қойып отыр. Осыған байланысты Mastercard сияқты халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату бізге инвестицияларды тартуға, білікті мамандарды даярлауға, ЖІӨ-ні ұлғайтуға және тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

«Mastercard біздің озық технологияларымыз бен әлемдік тәжірибемізді пайдалану нәтижесінде, соңғы он жылда Қазақстанда білім берудегі процестерді цифрландыру, шағын және орта бизнесті қолдау, электрондық коммерция нарығын, туристік секторды, сондай-ақ финтех-инновациялар экожүйесін дамыту бойынша басты мемлекеттік ведомстволармен ынтымақтаса отырып, көптеген жобаны іске асырды. Біз Kazakhstan Digital Country Partnership келісімі негізінде ынтымақтастығымызды Қазақстандағы барлық мүдделі тараптармен бірлесе, барынша терең және жан-жақты жаңа деңгейге шығаруға дайынбыз», - деп атап өтті Mastercard мемлекеттік сектор бойынша жаһандық жетекшісі, стратегиялық өсу атқарушы вице-президенті Никола Вилла.


Бүгінгі таңда Mastercard бүкіл әлем бойынша 210 мемлекетте және аумақтарда бар, онда үкіметтерге көптеген сектор бойынша пайда әкелуге бағытталған 1600-ден астам әртүрлі үкіметтік жобаларды жүзеге асыру үшін ауқымды технологиялық платформаны және цифрлық активтерді пайдаланады.
Компания әлеуметтік қамсыздандыруға, салықтар мен алымдарды төлеуге, сатып алуға, туризмге, шағын бизнес және киберқауіпсіздікке байланысты түйткілді мәселелерді шешеді, сондай-ақ, деректерді талдау арқылы бағдарламаларды әзірлеу мен саясат үшін ақпарат береді.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/621116?lang=kk