Фото: МПС РК

Құрметті minerals.gov.kz порталының пайдаланушылары!

1 қараша күні сағат 10:00-ден бастап, Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы https://minerals.e-qazyna.kz/ атты жаңа веб-ресурста іске қосылатынын хабарлаймыз. Жаңа платформада жұмыс істеу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭСҚ) пайдаланып қайта тіркелу қажет болады.

https://minerals.e-qazyna.kz/ жаңа платформасында келесі мемлекеттік қызметтер қолжетімді:

  1. Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына кепіл шартын тіркеу.
  2. Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру.
  3. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы шарт жасау.
  4. Жер қойнауы учаскесін трансформациялауға өтінім беру.
  5. Барлау алаңында мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және/немесе топырақты жылжытуға рұқсат беру.
  6. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беру.
  7. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру.
  8. Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу шеңберінде лицензия беру.
  9. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізу туралы қосымша келісім жасау.
  10. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың, барлауға арналған лицензияның немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияның негізінде туындайтын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) беруге, сондай-ақ жер қойнауымен байланысты объектілерді беруге рұқсат беру пайдалану құқығы.
  11. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына кепіл шартын тіркеу.
  12. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру.
  13. Іздеу жұмыстарын жүргізуге лицензия беру.

Қандай да бір сұрақтарыңыз болса, төмендегі телефондарға хабарласыңыз:

Лицензия сұрақтары бойынша: 87019991382

Келісімшарттар бойынша: 87056503487

ЛКШ есептері бойынша: 87081882575

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: Telegram каналы: https://t.me/mineralsgovkz

Telegram-да техникалық қолдау: https://t.me/mineralsgovkz/69

 Анықтама: https://minerals.e-qazyna.kz/ платформасы геологиялық және тау-кен процестерін цифрландырудың жаңа кезеңі болып табылады, ол пайдаланушылардың мемлекеттік деректермен және қызметтермен жұмысының ыңғайлылығы мен ашықтығын жақсартады.                                                   

 

MINERALS.GOV.KZ ЖАҢА ПЛАТФОРМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ ТУРАЛЫ