Басты бет>Басқару органдары>Атқарушы директор> Данебеков Оңғарбай Жидебайұлы

 

Оңғарбай Жидебайұлы 1965 жылы 3 қаңтарда дүниеге келген, 1993 жылы Томск политехникалық университетінің автоматика және есептеу техникасы факультетін бітірген, 2004 жылы Ақмола технология және бизнес университетінде екінші жоғары білім алған.

Еңбек жолын "Волковгеология" КМК инженер-бағдарламашысы болып бастаған, 1996 жылдан 1998 жылға дейін ОҚО облыстық қазынашылық басқармасы бастығының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары болған, мемлекеттік органдардағы жұмыс тәжірибесі төменде келтірілген:

1998-2002 ҚР Қаржы министрлігі, Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары;

2002-2011 ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау (экономикалық даму және сауда) министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры, ақпараттандыру және инновациялар саласындағы шығыстарды жоспарлау департаменті директорының орынбасары, бюджет процесі әдіснамасы және функционалдық талдау директорының орынбасары;

2011 - 2012 ҚР Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы РМК директорының орынбасары;

2012-2019 ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас консультанты, жоспарлау және бюджет бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2019-тамыз 2020 "мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" АҚ, Басқарушы директор.

Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының (ХАА) академигі болып табылады. Салалық қауымдастықтарда жұмыс тәжірибесі бар, 2011 жылдан бастап 2012 жылға дейін Қазақстандық софтверлік компаниялар қауымдастығының атқарушы директоры болды.
_

3
4