ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 25 мамырда сағат 12:30-да Өскемен қаласының №3 Халыққа Қызмет Көрсету орталағында (мекен жайы: Белинский 37А көшесі) министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды, сондай-ақ 25 мамырда сағат 15:00-де Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде облыс тұрғындарымен кездесу өткізеді. 

Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне сауал жолдауға шақырамыз.

Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.