2023 жылы ҚР ЦДИАӨМ республикалық маңызы бар қалаларда және кейбір облыс орталықтарында 5G ұялы байланысының жаңа буынын енгізеді.

«2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қала мен Астананы қамту 75%-ды, ал облыс орталықтарын қамту 60% -ды құрайды.

5G Интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз етеді, бұл цифрлық экономиканың дамуын жеделдетуге және заманауи технологиялық компаниялардың жұмыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.        

Бұл өз кезегінде жалпы экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді, сондай - ақ елге жаңа инвестициялар мен технологиялық әзірлемелер әкеледі», – деп атап өтті Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысында.

Жылдам ақпарат алмасу және үлкен көлемдегі деректерді беру қауіпсіз байланыс пен мониторинг жүйелерін құруға мүмкіндік береді, бұл, әсіресе, маңызды инфрақұрылымды басқару және ұлттық қауіпсіздік үшін маңызды.

Сондай-ақ, КЖҚ желісін салу арқылы қалалардағы 170 мыңнан астам үй шаруашылығын жоғары жылдамдықты Интернет желісімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/543795?lang=kk