«Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы аясында мектептерді Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету көзделген.

Қазіргі таңда 3 063 мектепте Халықаралық электр байланысы одағының ұсыныстарына сәйкес, Интернет жылдамдығы артты.

 «2023 жылдың қыркүйегіне дейін жергілікті атқарушы органдардың күшімен техникалық мүмкіндіктері бар 1 402 мектепте Интернет жылдамдығы артады. Интернет жылдамдығын арттырудың техникалық мүмкіндіктері жоқ 2003 мектепте «ТОБЖ арқылы АЕМ-де КЖҚ қамтамасыз ету» жобасы аясында талшықты - оптикалық байланыс желілері жеткізіледі», – деді Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/543771?lang=kk