ҚР ЦДИАӨМ «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы аясында ТОБЖ арқылы Интернетке кеңжолақты қолжетімділікті қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Жалпы, жобалар 3000-нан астам ауылды қамтуды, 60 мың км  кабельдік телекоммуникациялық инфрақұрылым салуды көздейді.

 «Цифрлық министрлік Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, «соңғы мильді» жеткізу үшін арнайы гранттардың бөлінуін, капекс шығындарын өтеу үшін шағын және орта операторларды субсидиялауды көздеп отыр. ТОБЖ бар ауылдарда 300 мың үй шаруашылығы қамтылады», – деп атап өтті Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.

250-ден аз тұрғыны бар және қандай да бір байланыс технологиясы жоқ шалғайдағы шағын ауылдық елді мекендерді интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікпен (КЖҚ) қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін ғарыштық байланыс жүйесін пайдалану жоспарлануда.

Осылайша, жоба 504 ауылды КЖҚ қызметімен қамтамасыз етеді.

Абоненттік қол жеткізу технологиясы ретінде ұжымдық қол жеткізу нүктесі қарастырылады. Бұл бастамалар қалалық және ауылдық елді мекендер арасындағы Интернетке қолжетімділік алшақтығын қысқартуға, ақпараттың қолжетімділігін арттыруға және шалғайдағы елді мекендер тұрғындарының әлеуметтік оқшаулануын төмендетуге мүмкіндік береді.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/543762?lang=kk