Бүгінгі таңда Astana Hub халықаралық технопаркінде 1043 IT-компания тіркелген, оның 179-ын әйелдер басқарады. Сондай-ақ соңғы кездері ІТ-мамандыққа оқығысы келетін қыздардың саны артып келе жатқандығы байқалады.

«Tech Orda ІТ-мамандыққа оқыту бағдарламасы аясында бөлінген 3 067 гранттың 39 пайызын әйелдер алды. Біздің технопарк ұжымындағы қыздардың үлесі 61% құрайды, оның ішінде 63 пайызы басшылық қызметте. Яғни қазіргі уақытта еңбек нарығындағы гендерлік теңдіктің өзгеріп жатыр. Егер бірнеше жыл бұрын IT-сектор ер адамдарға арналған деп есептелсе, қазіргі жағдайда IT мамандықтары гендерге бағынбайтынын көріп жатырмыз», - деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Astana Hub экожүйесіндегі әйелдер басқаратын IT-стартаптардың басым бөлігі әлеуметтік және EdTech саласын дамытуға бағытталған. Мәселен, Әсем Тәжиева негізін қалаған Ozim Platform әлеуметтік стартабы ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасыларға мобильді қосымша, YouTube арнасы және әлеуметтік желілер арқылы білім беріп, ақпараттық қолдау көрсетеді.

SmarTestPrep халықаралық емтиханға дайындық және ұсыныстар жөніндегі платформасының бас директоры Лаура Вайгорова қолданушыларға Spotify немесе Netflix сияқты ең қолайлы университет пен бағдарламаны ұсынатын 50 000 университет мен стипендиялар тізіміне негізделген жүйені сәтті дамытып жатыр.

Qonzhyq App жобасының бас директоры Әйгерім Исатаева фольклорды жаңғыртуға және қазақ тілін дамытуға арналған мобильді қосымшаны іске қосты. Мақсаты – жас ұрпақтың қазақ ұлттық музыкасына, әдебиетіне, мәдениетіне, салт-дәстүріне, тіліне деген қызығушылығын ояту.

Сондай-ақ әйелдер негізін қалаған IT-жобалар жылдам дамып, шетелдік нарыққа да  шығып жатыр. Яна Шойбекова басқаратын ең ірі DOOH смартборд желісі - Citix ақпараттық-навигациялық жүйесін Түркия мен БАӘ тұрғындары қолдануда. Citix  компаниясы Ұлттық технологиялық даму агенттігінің «Қазақстандағы үздік 10 инновациялық жоба» рейтингіне енді.

«Көптеген компаниялардың тәжірибесіне қарасақ, қызметкерлердің гендерлік тепе-теңдігін сақтайтын бизнес табыстырақ болады. Әйелдер IT саласын дамытуға белсенді қатысса, сала жылдамырақ дамиды деп ойлаймын. Экономиканы жаңа деңгейге көтеру үшін қоғамның әлеуетін дамытып, стереотиптерден арылып, әйелдерді ақпараттық технологиялар саласына көбірек оқытып, ынталандыру және жалақыны көтеру қажет», - дейді Astana Hub басқарушы директоры Алина Әбдірахманова.

Қазақстанда жыл сайын ақпараттық-коммуникациялық технология саласына 30 мың маман қажет.  Қазір еліміздегі IT-мамандардың 31 пайызы әйелдер. Astana Hub қатысушылары арулардың ұжымды басқаруға барынша қабілетті, ақпараттық және әлеуметтік тұрғыда тиімді және орта деңгейдегі лауазымдағы әйелдерге жақсы үлгі екендігін айтуда. Қазақстандық қыздар IT-стартаптарын қалай құрғаны туралы толығырақ Astana Hub ресми youtube арнасынан білуге болады.

https://astanahub.com/kk/article/20-it-startapov-astana-hub-vozglavliaiut-zhenshchiny