ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (бұдан әрі - БҰҰДБ) бірлескен жобасы шеңберінде 2025 жылғы 15 наурызда «SimulTrain» симуляциялық ойыны негізінде жобалық басқару бойынша тренинг өткізілді. «SimulTrain» интерактивті компьютерлік ойыны қауіпсіз және динамикалық ортадағы нақты жағдайларды модельдеу арқылы жобалар мен бағдарламаларды басқару бойынша оқытудың инновациялық әдісі болып табылады. Модельдеу барысында қатысушылар уақыт, ресурстар және қаржы бойынша шешімдер қабылдады және жобалар мен бағдарламаларды басқарудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін жоспарлау, тәуекелдерді басқару, ресурстарды тиімді бөлу және коммуникация дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін шешімдерінің салдарын бағалай алды. Іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Бірінші вице-министрі Қ А. Төлеушин және БҰҰДБ Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары С.Ф. Ходжиматов құттықтау сөз сөйледі. Тренингке 45-ке жуық адам, оның ішінде саяси мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының, орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің қызметкерлері қатысты. Анықтамалық: «SimulTrain» симуляциялық ойынының серіктестері IPMA (International project management association), KPMA (Kazakhstan project management association), IPM2 (International project management masters) сияқты ұйымдар болып табылады. https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/960598 |