Қазақстан мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға, бюрократиялық кедергілерді азайтуға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізіп келеді. ҚР Президентінің Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун мемлекеттік процестерді цифрландырудың негізгі нәтижелерін ұсынып, халық пен бизнеске арналған қызметтердің айтарлықтай жақсарғанын атап өтті. Вице-министр цифрлық трансформацияның табысты жетістіктеріне мысалдар келтірді. Бұрын көлікті ресімдеу бірнеше сағатты алып, кепілдік төлемдерінде кідірістерге әкелетін. Енді «Европротокол» арқылы жүргізушілер полиция мен сот қатысуынсыз окиғаны «Europrotocol App» қосымшасы арқылы бекіте алады. Бұл процесті жеделдетіп, 5 күн ішінде сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік береді. Бүгінге дейін 10 705 көлік оқиғасы ресімделді, ал төлемдер сомасы 185,7 млн теңгеге жетті. «Europrotocol App» қосымшасын Apple Store және Play Market-тен жүктеп алуға болады, оның қолданылуы Қазақстан Республикасының «Жол қозғауы туралы» және «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заңдарымен реттеледі. «Медициналық анықтамалар толығымен электронды форматқа көшіріліп, цифрлық қызметтер арқылы қолжетімді болды. Мысалы, науқастың парақшалар саны 2023 жылы 310 755 болса, 2024 жылы 1 916 997-ге дейін өсті. №075/у нысанындағы анықтамалар саны 142 335-тен 340 404-ке жетті. Рәсімдеу процесі тездеуімен қатар мұрағатталуы айқындалды», – деді Дмитрий Мун.
Балабақшаларға педагогтерді қабылдау құжаттарды онлайн тапсыру арқылы жүргізілетін болды. Нәтижелер жеке кабинеттен көрінеді, ал күту мерзімі 21 күннен 5 күнге қысқарды. Бұл тиімділікті 66%-ға арттырып, коррупциялық тәуекелдерді төмендетті. Оқушыларды мектепке қабылдау және олардың арасында ауысу онлайн-жүйе арқылы жеңілдетілді. Ата-аналар өтінішті қашықтан тапсырады, ал құжаттар цифрлық форматта сақталады. Ауыстыру мерзімі 5 күннен 1 күнге дейін қысқарып, тиімділік 66%-ға өсті. Мүгедектікті анықтау сырттай проактивті тексеру арқылы жеңілдетілді. Енді шешімдер Денсаулық сақтау министрлігінің деректері негізінде науқассыз қабылданады. Бұл мүгедектікті растау процессін 6 айдан 5 жылға дейін қысқартты. Жоғары оқу орындарына түсу және жатақханаға орналасу толығымен цифрландырылды. Құжаттарды eGov арқылы тапсырады, ал орындар автоматты түрде бөлінеді. ҰБТ электронды сертификатының қағаз түрі жойылды. Процестің ыңғайлылығы 92%-ға өсті.
Қазақстандағы цифрлық трансформация – бұл жай технологиялар емес, азаматтардың өмірін жеңілдететін мемлекеттік басқарудың кешенді жаңғыртуы. 100-ден астам жоба іске асырылып, олардың көбі нәтиже береді. Болашақта жасанды интеллекттің дамуы, платформалық шешімдер және Zero Click технологияларын енгізу Қазақстанды цифрландырудың көшбасшысы етеді. https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/946343?lang=kk |