ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті «ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК-мен бірлесіп жобалық басқару мәселелері  және «Битрикс» жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу туралы семинар өткізді.

Семинар барысында қатысушылар жобалық менеджмент саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Стратегиялық жоспарлау департаментінің қызметкерлері жобалық менеджменттің барлық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығына назар аудара отырып, жобалық қызметті енгізу бойынша практикалық ұсыныстармен және стратегиялармен бөлісті. Сонымен қатар, «ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлері «Битрикс» ақпараттық жүйесінде жобалық қызметті жүргізудің маңыздылығы туралы айтып, іске асырылып жатқан жобалар бойынша барлық қажетті ақпаратты қалай сауатты енгізу керектігін көрсетті.

ҚР ЦДИАӨМ Стратегиялық жоспарлау департаментінің өкілі: «Жобалық менеджмент-мемлекеттік қызметкерлерді оқытуда маңызды, бұл- әр ұйымға енгізілуі қажет тұтас мәдениет. Жобалық менеджменттің принциптері мен элементтерін түсіну біздің қызметкерлерге министрліктің жобаларын уақтылы іске асыру үшін сауатты саясат жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта министрлік жетекшілік ететін салаларда қандай жобалар ең өзекті болып табылатынын айқындауға мүмкіндік береді» - деп атап өтті.

Қатысушылар мемлекеттік басқаруда жобалық менеджментті енгізудің маңыздылығын талқылады. Семинар қатысушылар арасында үздік тәжірибелермен алмасу үшін маңызды платформа болды. Бұл семинар министрлік қызметкерлерінің жобалық менеджмент туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға бағытталған.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/898666?lang=kk