Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Demo Day өткізді. Шарада цифрлық вице-министрлер цифрлық платформаларды, электрондық қызметтерді дамытудың және мемлекеттік саладағы бизнес-процестерді оңтайландырудың негізгі аспектілерін талқылайды. Бұл іс-шара экономиканың түрлі салаларында цифрлық трансформацияны нығайту мен елдегі мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы маңызды қадам болмақ. Demo Day мақсаты - мемлекеттік қызметтерді жақсарту, процестерді оңтайландыру және олардың халық үшін тиімділігін арттыру мақсатында озық цифрлық жобаларды таныстыру және талқылау. 2024 жылғы 16 қазанда ҚР Энергетика министрлігі EnergyTech платформасы («Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» АЖ) базасында жылыту кезеңінің дайындығы мен өтуіне мониторинг жүргізу жүйесін ұсынды. Жүйе электрмен және жылумен жабдықтау объектілерін нақты уақыт режимінде келесі параметрлер бойынша қашықтықтан мониторингілеу мүмкіндіктерін ұсынады: Энергетикалық жабдықтың жай-күйі; ҚР Энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжан Министрлік ЦДИАӨМ және Цифрлық үкіметті қолдау орталығымен бірлесіп саладағы бизнес-процестерді оңтайландыру және деректердің цифрлық каталогын құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану бойынша шешімдер әзірленуде. Ол үшін ОЭК-те ЖИ бойынша Акселерациялық топ құрылды, оған Министрліктің, ҚР ЦДИАӨМ ЖИ комитетінің және саланың жетекші компанияларының өкілдері кіреді. Цифрландыру процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылады. EnergyTech құру жөніндегі жоба шеңберінде технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің (ТП БАЖ) қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отын-энергетика секторындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерін (АКИАМО) қорғау мәселесін пысықтау ұсынылады. Бұл шаралар энергетика саласындағы технологиялық процестердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/866014?lang=kk |