2024 жылғы 10 қазанда ЦДИАӨМ алаңында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің және киберқауіпсіздік саласындағы сарапшылардың қатысуымен Development Day өткізілді. Іс-шара аясында ЦДИАӨМ мен MSSP GLOBAL арасында киберқауіпсіздік қатерлері туралы хабардарлықты арттыру туралы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум киберқауіпсіздік мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру жөніндегі бірлескен іс-шараларда ынтымақтастықты көздейді. Цифлық даму министрлігінің басшысы Жаслан Мәдиев министрлік киберқауіпсіздік саласындағы күшейтілген жұмысты жалғастырып жатқанын және қазіргі әлемдегі кибершабуылдар мен қауіптер туралы халықтың хабардар болуының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, MSSP Global сарапшысы Медет Турин сөз сөйлеп, алаяқтық түрлері мен оларды тану туралы баяндады. Айта кеткен жөн, Цифрлық министрлік пен MSSP Global әлеуметтік Citizensec.kz жобасын іске қосты, оның мақсаты тегін курстар арқылы азаматтардың кибергигиенасын арттыру. Әр азамат тегін курстан өтіп, ақпараттық сауаттылықты арттыра алады. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі |