АҚШ-қа жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Google компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Google өкілдері өздерінің жаңа өнімдері мен шешімдерінің презентациясын ұсынды. Цифрлық қызметтерді дамытуға және Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларының тиімділігін арттыруға ықпал ететін инновациялық технологиялар таныстырылды.

Жаслан Мәдиев елдің цифрландыру және инновациялар саласындағы стратегиялық мақсаттарына жету үшін әлемдегі жетекші технологиялық компаниялармен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар бұлтты технологияларды, жасанды интеллектті және автоматтандыруды дамыту сияқты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады. Сонымен қатар, бірлескен бастамаларды іске асыру бойынша жоспарлар белгіленді.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі