Елорда әуежайына шейх Сауд ибн Сакр әл-Касимидің ұшағы қонды. Әмірді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қарсы алды.
Өткен жылдың мамыр айында Біріккен Араб Әмірліктері Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы диалог бойынша серіктес мәртебесін алды. Бұл мемлекетке ШЫҰ жұмысына белсенді қатысуға және бірлестіктің басқа мүшелерімен өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/804115?lang=kk