Astana Hub халықаралық технопаркі Seed Money 4.2 қаржыландыру бағдарламасының қорытындысын шығарды. Комиссия қарауына 150 өтінім ұсынылып, 63 жоба іріктеліп, 5 стартап қана бағалаудың барлық кезеңінен сүрінбей өтті. Енді әр жеңімпазға ₸10 млн қаржы бөлінеді.

Қаржыландырумен қатар қатысушыларға B2B/B2G-кездесулер, инвесторлармен және бизнес-періштелермен нетворкинг ұсынылады. Сонымен қатар сарапшылар кеңестері мен басқа да мүмкіндіктер қарастырылған.

Seed Money 4.2 аясында қаржыландыру алған жобалар:

Nextgen Truck Simulator – әртүрлі көлік түрлерін жүргізетін мобильді ойын;
Baqa – балаларға арналған білім беру қосымшасы;
MathsHub AI – мазмұнды оқшаулауға арналған AI алгоритмдері бар платформа;
Webapi.ai – тұтынушыларды қолдау мен сатуды автоматтандыруды көздейтін AI негізіндегі чатбот құрастырушы;
Alem – туристерге арналған ақылды нұсқаулық.
2021 жылы Seed Money іске қосылғаннан бері 45 жоба 5-24 миллион теңге аралығындағы сомаға қаржыландырылды. Стартаптардың 67%-ның табысы артып, қарқынды дами бастады.

Қаржыландыру Revenue Share моделі арқылы жүзеге асырылады, яғни стартаптар 5 жыл ішінде барлық қаражат игерілгеннен кейін 1% төлем жасауы тиіс. Бұл қаражат IT-индустриясы экожүйесін одан әрі дамыту үшін пайдаланып, Seed Money бағдарламасы аясында стартаптарды қаржыландыруға жұмсалады.

https://astanahub.com/kk/article/piat-startapov-poluchat-50-mln-v-ramkakh-seed-money-4-2