Астана, 2024 жылғы 17 сәуір – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі eGov mobile мобильді қосымшасында су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық шығынды өтеуге өтініштерді қабылдауға арналған сервисті іске қосты.

Сервис су тасқынынан зардап шеккен келесі облыстар бойынша барлық азаматтар үшін қолжетімді: Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Атырау облысы. Енді азаматтар тікелей EGOV mobile мобильді қосымшасы арқылы шығынды өтеу туралы өтінімді оңай әрі ыңғайлы бере алады.

Бұл қызметті Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп, азаматтардың қажеттіліктері мен ыңғайлылығын ескере отырып әзірледі.

Жаңа сервисті пайдалану үшін азаматтарға eGov mobile мобильді қосымшасының басты бетіне өтіп, сәйкес опцияны таңдау жеткілікті.

Айта кету керек, егер өтінім қағаз түрінде берілген болса, оны қайта жіберудің қажеті жоқ - ақпарат автоматты түрде есепке алынады.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі