Silkroad Innovation Hub Калифорниялық Berkeley Asia Business Club-пен серіктестік орнатып, 18-ші Азия іскерлік конференциясында Орталық Еуразияны таныстырды.

Berkeley мемлекеттік мектебі әлемдік университеттер рейтингінде бірінші орында және бұл серіктестік Silkroad Innovation Hub үшін Орталық Еуразиялық аймақты жаһандық сахнада ілгерілету үшін таптырмас мүмкіндік ашады. Биылғы конференцияның тақырыбы – «Rising Asia: Shaping the Moment, Navigating Challenges and Opportunities» және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жаңа технологиялардың әсеріне назар аударылды. Asia Business Conference Азиядағы бизнесті дамытуға мүдделі кәсіпкерлер мен мамандардың басын қосты. Конференция спикерлері технологиялық компаниялардың өкілдері болды: Cisco, TikTok, Google, Amazon, Meta, Alibaba, венчурлық қорлардың өкілдері: Fusion Fund, EnvisionX Capital, Blume Ventures, Intudo Ventures, сонымен қатар Стэнфорд және Беркли университеттерінің профессорлары қатысты.

«Emerging Tech and Entrepreneurship in Central Eurasia» панельдік сессиясын Silkroad Innovation Hub Бас директоры және негізін қалаушы Әсет Абдуалиев, Айдана Дауылбай – Astana Hub халықаралық өкілі, Султонмурод Расулов ​​– Солтүстік Америка аймағының бас өкілі – Өзбекстан IT Park-ы, Дарш Манн – StartX бизнесті дамыту бөлімінің басшысы, сондай-ақ Досжан Жүсіпов – CerebraAI стартапының бас директоры және негізін қалаушы.

Талқылауға арналған негізгі тақырыптар жасанды интеллект пен үлкен тілдік модельдердің дамуы мен бағыттары болды.

Silkroad Innovation Hub – стартап қауымдастығын белсенді қолдау және дамыту мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Astana Hub қолдауымен құрылған Силикон алқабындағы инновациялық өкілдік. Миссиясы – мықты құрылтайшылар қауымдастығын құру және Орталық Еуразияның жаһандық деңгейде инновациялық дамуына үлес қосу.

Ақпарат үшін:

Berkeley Asia Business Club – Берклидегі Калифорния университетінің бөлігі болып табылатын HAAS бизнес мектебінің филиалы.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі