2024 жылғы 3 наурызда Сауд Арабиясында Al-Farabi Innovation Hub ресми ашылуы қарсаңында ТШСА (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка) нарығына кеңеюді жоспарлап отырған қазақстандық стартаптар қатысуымен Demo Day өтті. Біздің стартаптарымыздың баяндамасы Сауд Арабиясы Корольдігінің коммуникациялар және ақпараттық технологиялар Министрлігі жанындағы цифрлық кәсіпкерлік орталығының (Сenter of Digital Entrepreneurship, CODE) аумағында өтті.

Сауд Арабиясының инвесторлары алдында өзінің стартапын таныстыру мүмкіндігі үшін 50-ден астам фаундерлер өтінім берді және олардың тек 13-і ғана соңғы шорт-листке өтті. Demo Day қорытындысы бойынша әрбір жоба кері байланыс алады: Таяу Шығыс нарығына шығу үшін келесі қадамдар бойынша кеңес болсын, инкубация немесе акселерация бағдарламасына қатысуға шақыру немесе инвестициялар туралы ұсыныс болуы мүмкін.

Мұның бәрі біздің технологиялық және IT-жобаларымызға инвестициялар тарту бойынша ЦДИАӨМ кешенді тәсілінің және Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы көпір қызметін атқаратын арнайы хаб құру идеясының арқасында мүмкін болды. Осындай рөлді орындау үшін Al – Farabi Innovation Hub құрылды, ол – ТШСА нарығына шыққысы келетін барлық бизнес түрлеріне арналған бастапқы нүкте.

Al-Farabi Innovation Hub қазірдің өзінде soft-landing немесе визалық қолдаудан бастап аймаққа келетін стартаптар үшін арнайы тарифтер бойынша кеңселер мен тұрғын үй ұсынуға дейінгі қолдау бағдарламасын ұсынады.

Demo Day Al-Farabi Innovation Hub дебютін өткізген The Code Abdullah Alshamrani бас директорының айтуынша, Al-Farabi Innovation Hub құру біздің елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту жолында табиғи құбылыс екенін жеткізді: «Орталық Азия өңірі мен Кавказдың нарықтары біз үшін де қызықты, сондай-ақ Таяу Шығыс аймағы мен Солтүстік Африка сізді де қызықтырады, сондықтан біздің өңірлеріміз арасында байланыс орнататын хаб құру қажеттілік болып саналады», - деді ол сөзінде.

Al-Farabi Innovation Hub ресми ашылуы 2024 жылғы 4 наурызда Сауд Арабиясының астанасы Эр – Рияд қаласында өтеді.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі