Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Эр-Риядтағы LEAP Digital форумына қатысты. Министр өз сөзінде отандық GovTech әзірлемелері мен Қазақстанның цифрландыруы туралы айтты. «Жаһандық мойындау ретінде Қазақстан БҰҰДБ және AWS институтының «Future Government Award» номинациясында ТОП-3 ретінде жоғары бағаланды, сонымен қатар осы жылы Дубайда өткен Дүниежүзілік үкімет саммитінде «Инклюзивті цифрлық трансформация» номинациясы бойынша ТОП-1-ге ие болдық. Бүгінгі таңда Қазақстанның электрондық үкіметі негізгі элементтері бар супер қосымша болып саналады: цифрлық нотариалды куәландыруға арналған «eNotary», үкіметпен жедел байланысу үшін «eOtinish», жеке медициналық деректерге қол жеткізуге арналған «eDensaulyk», салықты басқаруға арналған e-salyk және көптеген сервистер», - деп атап өтті Бағдат Мусин. Форумға «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Astana hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркі және т.б. сияқты қазақстандық компаниялар қатысуда. LEAP зерттеу, өзара әрекеттесу, желіні құру және соңғы технологиялық әзірлемелерді ашу үшін жаһандық технологиялық қауымдастықты біріктіреді. Іс-шара мыңдаған халықаралық технологиялық көрме қатысушыларын, жетекші басшыларды және сарапшы спикерлерді біріктіретін ең соңғы және ең үздік технологияны көрсетеді.
ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі |