2024 жылғы 24 ақпанда орталық мемлекеттік органдар мен ҚР Үкіметі аппаратының қатысуымен Astana Hub Ұлттық жобалық офистің алаңында Ұлттық жобалық офистің Ұлттық Акселераторын іске қосу алдындағы кездесу өтті.

Ұлттық Акселератор Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Government Asseleration және Capacity Building & Leadership екіжақты ынтымақтастығының екі бағытын іске асыру шеңберінде іске қосылады.

Ұлттық Акселератор жобалық басқарудың икемді әдістері (аджайл) негізінде әрекет етеді және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті проблемалық мәселелерін шешуде акселерацияны қамтамасыз етеді. Бұл әдістің құндылығы оларды іске асыруында идеядан нақты нәтиже алғанға дейін мемлекеттік органдар тарапынан да, бизнес-қоғамдастық пен сараптамалық қоғамдастық тарапынан да барлық мүдделі қатысушылардың шешімдерін бірлесіп әзірлеуінде. Ең бастысы, нәтиже алу керек нақты уақыт аралығы – 100 күн.

Кездесуге қатысушылар белсенді талқылау нәтижесінде энергетика, су, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, білім беру және ағарту, көлік және логистика, цифрлық даму сияқты бағыттар бойынша акселерация үшін тақырыптар ұсынды. Ұсынылған тақырыптар мемлекеттік органдарда, ҚР Үкіметінде қаралады, содан кейін Ұлттық жобалық офистің Ұлттық Акселераторының жалпыұлттық старты беріледі және 100 күндік таймер іске қосылады. Кездесуді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Қ.А. Төлеушин өткізді.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е.Қ. Әбіл Акселерациялық жобалық командаларының қатысушылары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және БАӘ министрлер кабинеті министрлігінің жанындағы Мемлекеттік тәжірибе алмасу офисінің (Government Experience Exchange Office) базасында оқытылатынын хабарлады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/713838?lang=kk