Бүгін «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев пен «Astana Hub» IT-стартаптар Халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойды. Меморандум аясында жастарға арналған сапалы цифрлық білім беру бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Оның мақсаты – бағдарламалау мектептері мен жас IT мамандарын қолдау. Осылайша, әрқайсысы 600 000 теңгеге дейінгі 3000 ваучер бөлінеді. «Жастар Рухы» жастар қанаты ел аумағында бағдарламаға қатысуға ниетті үміткерлерді іздестіруге жәрдемдеседі. «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, меморандум жастар қауымын IT-жобаларды іске асыруға тарту бойынша бірлесіп жұмыс жүргізу мақсатында жасалды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясы жастар қанатының VI Съезі делегаттарына жолдаған бейнеүндеуінде Жаңа Қазақстан жастары үшін үш маңызды басымдықты атаған болатын. Бұл – білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм. ХХІ ғасыр – озық технологиялар дәуірі. Бұл секторды дамытуда жастардың маңызды рөл атқаратынын жақсы түсінеміз. Еліміздің түкпір-түкпірінде біз білмейтін таланттар өте көп. «Astana Hub»-пен бірлескен жоба осындай жастардың өзін-өзі танытуы үшін жақсы мүмкіндік болады», – деп атап өтті Нұржан Жетпісбаев. Мағжан Мәдиевтің айтуынша, «Astana Hub» технология, инновация саласына талантты жастарды тартуды көздеп отыр. «Мұнда олар үшін көптеген мүмкіндіктер ашылады. Жастарға Tech Orda, No code school, Startup school және басқа да тегін білім беру бағдарламаларын ұсынамыз. Alem деп аталатын бағдарламалау мектебімізде IT дағдыларын тегін оқуға болады. Қазақстандық жастардың зор әлеуетін көріп отырмыз. «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатымен бірлесе отырып, өскелең ұрпақтың IT саласына деген қызығушылығын арттыра алатынымызға сенімдімін», – деп атап өтті «Astana Hub»-тың бас директоры. Сонымен қатар, меморандум IT-хакатонды биыл күзде өткізуді көздейді. Байқау барлық өңірлерді қамтитын алғашқы IT-хакатон болмақ. Өңірлік іріктеуден өткен үздік жобалар елордадағы ақтық кезеңде сыналады. Айта кету керек, «Astana Hub» Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ірі технопарктерінің бірі саналады. Онда отандық және шетелдік технологиялық компаниялардың еркін дамуы үшін жағдай жасалған. |
Контакты
030015, Казахстан, г.Актобе,
Промышленная зона, участок 15 "Б"
Тел.: +7 (7132) 53-65-33
Отдел программирования: +7 (7132) 939-519
e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Сайт https://www.apro.kz
ТОО «АПРО» создано в сентябре 2003 года, в составе 10 специалистов на базе отдела АСУП Актюбинского завода хромовых соединений. В настоящее время компания состоит из 4 подразделений с численностью работников более 30 человек. Компания выступает на рынке информационных технологий как системный интегратор по автоматизации обработки информации на рабочих местах любого уровня. Является одним из лидеров на рынке информационных технологий в городе Актобе.
_
Презентация Программного комплекса
«АПРО-Биллинг»
Программные продукты собственной разработки
Программный комплекс "АПРО Биллинг" - Абонентский отдел коммунальных предприятий
Программный комплекс "АПРО Бизнес" - Учет и контроль финансово-хозяйственной деятельности предприятия
Программный комплекс "АПРО Предприятие" - Комплексная интегрированная система планирования ресурсов предприятия (ERP система)
"Кайнар" - Информационная система межведомственного взаимодействия госорганов по учету физических лиц - Автоматизация учета, контроля и взаимного обмена данными государственных органов, ведомств, а также организаций занимающихся учетом отдельных категорий населения
"Система ввода данных для модели ТОФИ - Сбор данных для системы раннего обнаружения экономических финансовых потрясений
Программный комплекс "Учет и контроль финансово-хозяйственной деятельности в сфере оптово-розничной торговли"
Программный комплекс "Контроль кратких деклараций" - Регистрация и учет товаров размещенных на складах временного хранения (СВХ)
Организация "VPN-туннелей"
См. презентации всех продуктов
__
Махамбетов Габит Закареевич
Дата рождения: 14.03.1961
Образование: Казахский государственный университет, 1977-1982, математик
Трудовую деятельность в качестве инженера-программиста начал в 1983 году
В компании АПРО работает с даты основания в 2003 году.
Крупные клиенты компании
АО "Актюбинский Завод Хромовых Соединений"
ГУ "Аппарат акима Актюбинской области
АО "Акбулак"
АО "Трансэнерго"
АО "Актюбрентген"
ТОО "НИИ экономики и информатизации транспорта телекоммуникаций"
ТОО "ГлобалМастерГрупп"
ТОО "Актобе Темиржол"
ГКП "Аркалыкская теплоэнергетическая компания"
См. все реализованные проекты
___
_