"Ақылды тұрақты қалалар: дамудың ұйымдастырушылық және техникалық аспектілері" халықаралық электр байланысы одағының форумында Қазақстан спикерлері өздерінің практикалық тәжірибелерімен және ақылды қалалар жүйесін құруымен бөлісті. Бірінші сессияда "Зерде" холдингінің Басқарма төрағасы Арман Әбдірасылов сөз сөйледі.

Ақылды қалалар " Smart City" жобасы Қазақстанда қалалық инфрақұрылымдарға ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу есебінен іске асырылуда. Бұл азаматтардың өмір сүру сапасын және қалалық қызметтердің тиімділік деңгейін арттырады.

"Ақылды" қалаларды салу тәсілін стандарттау үшін "Зерде" холдингі елдің "ақылды" қалаларының эталондық стандартын әзірледі. Онда АКТ-ны пайдалана отырып, "Ақылды қала" салу үшін ЖАО-ның негізгі тәсілдері, ақылды қалалар мәнмәтінінде АКТ-ны енгізумен және пайдаланумен байланысты тиімділіктің 100 негізгі көрсеткіштері, жергілікті және халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстанда ақылды қалалар құру бойынша ұсынылатын 110 бастама, сондай-ақ "Ақылды қала" бастамаларын бағалау және кемелділікті бағалау әдіснамасы айқындалды. толығырақ bluescreen.kz