Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Qazpost Demo Day 2023 шарасына қатысты. Іс-шараға цифрлық саланың 150-ден астам өкілі қатысты және «Қазпошта» АҚ жылдың IT қорытындылары мен цифрлық жобалары таныстырылды.

ЦДИАӨ министрі Бағдат Мусин өз сөзінде соңғы 30 жыл ішінде Қазпошта ішкі және халықаралық нарықта заманауи ірі компанияға айналғанын атап өтті.

«Көз алдымызда «Қазпочта» өз дамуының барлық кезеңдерінде инновацияларды қолданатын прогрессивті компанияға айналды. Жетілдірілген заманауи шешімдер пошта және қаржылық инфрақұрылымды кеңейтуге негіз болды. Бұл үшін олар фулфилмент орталықтарын дамытуда, танымал ішкі және сыртқы нарықтар үшін тапсырыс қабылдау пункттерін ашуда, қоймалар мен сәлемдеме терминалдарының желісін кеңейтуде. Мен сіздерді мақтан етемін!»,- деді Бағдат Мусин.

Іс-шара аясында «Қазпошта» АҚ-да трансформацияны және инновацияларды енгізуге қатысты QazPost Digital нәтижелері айтылды: Qazpost GEO, QazPost Keruen жобалары АҚШ пен Еуропаның маркетплейстерінде сатып алуларға арналған, QazPost жаңа қосымшасы – пошта және қаржы сервистерін, сондай-ақ QazPost Market әлеуметтік маркетплейсін біріктіреді.

Шараға сондай-ақ «Отбасы Банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ляззат Ибрагимова, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрлері Ілияс Оспанов, денсаулық сақтау – Бейбіт Есенбаев, әділет - Бекболат Молдабеков, қорғаныс - Дархан Ахмедиев, W2W стартапының басшысы және негізін қалаушы Крис Шелдрик, IT-компаниялар, Қазпошта серіктестері мен клиенттері қатысты.

ЦДИАӨМ баспасөз қызметі