Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар өңірлік және ірі халықаралық компания республика бойынша бірінші болып жергілікті жолдардың Э-паспорттарын дайындауға тапсырыс берді

Айта кетерлігі, әлемде жолдарды автоматты режимде паспорттауға мүмкіндік беретін бағдарламалар жасау бойынша жұмыс жүргізілуде. Олүшін цифрлық бейне түсіру мүмкіндіктері мен IT саласының жетістіктері біріктіріледі. Қазақстанда бұл мәселенің шешімі бар. Енді төлқұжаттау үрдісі бұрынғыдан жүз есе жылдам болуы мүмкін. Соныменқатар заманауи әдіс айтарлықтай дәлме дәл әрі әлдеқайда арзан.

Э-жол паспорты бұл көшелер мен жолдарды, сондай-ақ ілеспе инфрақұрылымды сандық 3D бейне сканерлеу. Компьютер алдын-ала танылған барлық объектіні, атап айтқанда ғимараттарды, тротуарларды, жол белгілерін және басқа да ақпаратты көрсете отырып, жолдар мен көшелердің үш өлшемді жоспарларын көрсетеді. Жоба сонымен қатар жол-пайдаланушы ұйымдарға қажетті есептерді автоматтытүрде қалыптастыра алады.

"Алғаш рет автожолдар туралы ақпар тікелей жұмыс компьютері арқылы қолжетімді болмақ. Кабинеттен шықпай-ақ, сізден жүздеген және мыңдаған шақырым қашықтықта Қазақстанның кезкелген тас жолына немесе көшесіне жедел қолжеткізуге болады. Бұл жол мамандарына жолдарды күтіп ұстауды немесе жөндеуді жоспарлау кезінде шешім қабылдау үшін бірегей мүмкіндіктер береді", деп атап өтті ҚазжолҒЗИ диагностика басқармасының басшысы Данияр Көшімханов.

Электрондық паспорттау қызметтері сұранысқа ие. Жақында институт мамандары Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысы әкімдіктерінің өтінімін орындап, кезекте Астана қаласы және басқа да нысандар тұр.

Жолдарды паспорттау көшелер мен жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарды тексеру бойынша міндетті тұрақты рәсім болып табылады. Ол жөндеуді дұрыс және уақтылы жоспарлау немесе жаңа жолдар салу үшін пайдаланылатын жолдар мен жол құрылыстарының техникалық жағдайы мен қолжетімділігі туралы объективті ақпарат алу үшін қажет.

Тұрақты тексеру кезінде мамандар елді мекендердің жолдары мен көшелерінде орналасқан барлық нысанның жай-күйін, санын, габариттік параметрлерін және географиялық координаттарын дәл және егжей-тегжейлі көрсетуі тиіс, оның ішінде жол жиектері, тротуарлар, белгілер, қоршаулар, жарықтандыру және көгалдандыру элементтері, белгілер, бағдаршамдар және т. б. бар.

Паспорттау жүргізу жол саласының ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылатынын атап өткен жөн. Мұндай көп сатылы үрдісті дәстүрлі әдістермен жүзеге асырукөп жұмыс пен уақытты талап етеді. Сонымен қатар Қазақстанда білікті мамандар жетіспейтінін атап еткен орынды. Нәтижесінде Қазақстанның көптеген жолдары туралы мәліметтер ескірген немесе мүлдем жоқ, бұл жолдарды салу мен жөндеуді басқару сапасы мен жеделдігіне әсер етеді. Алайда, жаңа технологиялардың дамуы бұл мәселені тез шешуге мүмкіндік береді.

https://www.gov.kz/memleket/entities/miid/press/news/details/604631?lang=kk