«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бойынша Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің үйлестіруімен жергілікті атқарушы органдар қоғамдық көлікте жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізіп жатыр.

Бүгінгі таңда жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі барлық республикалық маңызы бар қала мен облыс орталықтарында жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық көліктерде енгізілді. Аталған жүйелердің жұмысын жалпы саны 14 оператор қамтамасыз етеді.

Соңғы 3 жылда республика бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 34 пайыздан 79%-ға дейін ұлғайды.

Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі жолаушылар тасымалына арналған қоғамдық көлік жұмысының тиімділігін жақсартуға, жолаушылар ағыны туралы нақты статистикалық деректерді қалыптастыруға, сондай-ақ тасымалдаушылардың жосықсыз әрекеттерін азайту есебінен көлеңкелі экономикадан ақшалай қаражатты шығаруға ықпал етеді.

Сонымен қатар электрондық билеттеу жүйесін енгізу арқылы NFC технологиясын қолдайтын банк карталары, банктердің мобильді қосымшалары, SMS-код жіберу, QR-кодты сканерлеу, сондай-ақ көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу мүмкіндігі пайда болды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/668506?lang=kk