Қазіргі уақытта Министрлік дербес деректердің тарағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде шаралар қабылдауда.

Мәселен, дербес деректердің таралып кету фактісі бойынша дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органның меншік иесі және (немесе) операторы хабардар етуді көздейтін ҚР Кәсіпкерлік кодексіне, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына түзетулер пакеті әзірленді.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 23-бабына сәйкес, шағымды берген адамға зиян келтіруге немесе оның мүддесі үшін берілген адамға зиян келтіруге жол берілмейді.

Аталған іс-әрекет үшін ҚР ӘҚБтК-нің 100-бабына сәйкес, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілік көзделген.

Ағымдағы заңнамада уәкілетті органға өз бетінше жүгінген жағдайда, тексеру ашылмайтыны көзделген. Тексеру басқа жеке немесе заңды тұлғалар құқықтарды бұзу туралы өтініш білдірген жағдайда ғана мүмкін болады.

Реттеушінің негізгі міндеті – тек мемлекеттік бақылау ғана емес, сонымен қатар, мұндай оқиғаларды анықтау және болдырмау, таралып кетудің қолайсыз салдарын азайту бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, ол ерікті түрде хабарланған жағдайда іске қосылады.

Құқық қолдану тәжірибесін дамытқаннан кейін қосымша ынталандыру шаралары ретінде таралып кету туралы өз еркімен мәлімдеген субъектілерге қатысты айыппұлдарды азайту мәселесін қарастыруға болады деп санаймыз.

Бұл ретте, бүгінгі таңда меншік иесі және (немесе) оператор дербес деректердің таралып кету фактісі бойынша хабарлама болмаған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-не жауапкершілікті ауырлататын норманы енгізу қаралуда.

Сондай-ақ, тағы бір аспектіге назар аударсақ, Қылмыстық кодексте кінәсіздік презумпциясын бұзбайтын өз кінәсін мойындап келу деген норма бар.

Бұған қоса, сізге жіберілген бұзушылықтар туралы зардап шеккендерден шағым түскенге дейін өзіңізді жауапкершілікке тартпай-ақ, ол туралы хабарлауға және көмек сұрауға болады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/645245?lang=kk