"Digital Nomads: қазіргі заманның цифрлық тренді" панельді сессиясы Digital Almaty халықара цифрлық форумы аясында өтті.

Панельдік сессияға goldn GmbH негізін қалаушысы Әлия Мирзахметова, Salesforce бағдарламалық қамтамасыздандыру инженері Назерке Сейдан, meta бағдарламалық қамтамасыздандыру бас инженері Асқар Сатыбалдиев, Taskrabbit.com стратегия және даму жөніндегі аға менеджер  Әсет Әбдуәлиев пен Digital Nomads IT-қоғамдастығына кіретін басқа да қазақстандықтар қатысты.

"Қоғамдастық шетелде тұратын және технологиялық компанияларда жұмыс істейтін қазақстандықтарды біріктіреді. Қоғамдастығымызда төрт жүзге жуық адам бар. Қоғамдастық қазақстандықтарды Америка, Еуропа, Азияның көптеген елдерінде біріктіреді. Біз бұл қазақстандық IT-қоғамдастықты дамытып, өз білімімізді енгізу мақсатында құрдық", - деді Абдуалиев.

Қазіргі таңда Digital Nomad индустриясында қыздарды қолдау мен ілгерілетуге бағытталған бірқатар жобаларды, спорттық бағдарламалауды дамытуда, "University Lectures" жобаларын іске асыруда қоғамдастық қатысушылары тегін дәрістер оқиды.

 

Алайда, қоғам арасында бұл адамдар Қазақстаннан біржола кеткен деген сынды пікір барын Әбдуәлиев атап өтті.

"Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген сөз бар”. Сіз Қазақстаннан кеткен мамансыз ба және Қазақстанға қайтып келесіз бе?",- деп сұрады сессияға қатысушыларынан ол.

 "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" - Мен бұл сөзбен толық келісемін. Бірақ қазір digital nomads әлемі, цифрландыру, жаһандану. Мен он мың қазақстандықтың Амстердамға, Польшаға, Нью-Йоркке, Варшаваға, Токиоға, Сиднейге кетуін шынымен де қалаймын. Бес мың адам сонда тұрсын, бес мың адам сонда қалсын. Бес мың адам қайта оралады, олардың ойлауы басқаша. Ал олардың балалары, ұрпағы Қазақстанды бұдан да жақсырақ ететін болады. Менің ойымша, дәл солай болуы керек", - деді Сатыбалдиев.

Қоғамдастық қатысушылары қазақстандық IT-мамандар әлемдік мамандардан кем түспейтінін және жобаларды шетелде де, өз елінде де бірдей іске асыра алатынын атап өтті.

 

Digital Almaty - бұл цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап бесінші рет өткізіліп келеді. Іс-шараны ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub ұйымдастырады.

Спонсорлар:: Freedom Holding Corporation, CITIX, Jusan Bank, Bereke Bank, Kcell, Eurasian Resources Group/Business & Technology Services, AppStream, Tele2/ALTEL, Halyk Bank, Kazakhtelecom, ALSI Integrations, Dell Technologies, Nurbank, VK Cloud

Ақпараттық серіктестер: Kapital.kz, Kursiv.media, LSM.kz, NUR.kz, STEPPE, Zakon.kz, CITIX, HeadHunter.kz, Sxodim.com, Qamalladin Media, The Astana Times, WEproject.media, DigitalBusiness.kz, BlueScreen.kz, THE TECH, Limon.kg, Manas.news, DKNews.kz, Armenpress, MyBusiness.kz

 БАҚ үшін байланыстар

 ЦДИАӨМ  баспасөз хатшысы: Ерхан Таткен +7702 817 7617

Форумның PR-маманы, Tech Garden: Альбина Рамазан +7777 3139190

ASTANA HUB баспасөз қызметі: Асель Мухамбетова +7747 432 2056

https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/499598?lang=kk