12 мамыр күні Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен Қазақстан-Герман бизнес форумы өтті. 250-ге жуық делегат қатысқан іс-шараның басты тақырыбы жоғары технологиялар, жасыл экономика және логистика саласындағы қазақстан-герман экономикалық ынтымақтастығын дамыту болды.

Қазақстан-Германия бизнес-форумы аясында өнеркәсіпті автоматтандыру, мұнай химиясы, логистика, денсаулық сақтау және ақпараттық технологиялар сияқты салаларды қамтитын екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Атап айтсақ, «Siemens» ЖШС атынан Дияс Асанов және «QazIndustry» «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» атынан басқарма төрағасы Берік Бекенов Қазақстан Республикасының өнеркәсіп секторын цифрландырудағы ортақ мүддені негізге ала отырып, мамандарды Цифрлық өнімдер мен шешімдерге оқытуда ынтымақтастық орнату мақсатында Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты - өнеркәсіпті цифрлық трансформациялауға бағытталған цифрлық өнімдердің сапасын арттыру жөніндегі жобаларды бірлесіп дамыту.

Аталған меморандум шеңберінде еліміздің өнеркәсіп секторының өкілдері үшін білім беруді қолдау әрі сала мамандарының біліктілігін арттырудың оңтайлы әдістері қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Ол үшін Siemens оқу курстары мен үздік тәжірибелік сынақтарын "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы АҚ-ның субъектілігіне цифрлық трансформациялау бойынша интеграцияланатын болады.

Тараптар арасындағы ынтымақтастық халықаралық нормалар мен құқықтарды сақтау, жариялылық, өзара сенім қағидаларына негізделіп, жүзеге асырылады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/miid/press/news/details/370666?lang=kk