Цифлық даму министрлігі, Денсаулық сақтау министлігі, «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ мен кәсіпкерлер жасанды интеллектіні қолдана отырып Medtech жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі-ЦДИАӨМ) MedTech саласында форсайттық зерттеу жүргізді, оның аясында MedTech саласы дамуының ағымдағы жағдайына талдау жасалды, медициналық қоғамдастық мүшелері (медициналық мекемелер, бизнес, ғылым өкілдері және т.б.) арасында сұхбаттар мен сауалнамалар жүргізілді.

Форсайттық зерттеу нәтижелері бойынша MedTech бағыты бойынша перспективалық тауашалар тізімі жасалды, оның ішінде медицинада жасанды интеллект қолданатын технологиялар да бар.

Өз кезегінде бизнес өкілдері MedTech инновациялық жобаларын жүзеге асыру кезінде кездесетін кедергілермен бөлісті.

​Медицина саласындағы бірқатар инновациялық әзірлемелер басты назарда болды, соның ішінде:

- жасанды интеллектіні пайдалана отырып, онкологиялық ауруларды, атап айтқанда сүт безі обыры мен өкпе обырын диагностикалауда клиникалық шешімдерді қолдау жүйесі.

​- жасанды интеллекті мен машиналық оқытуға негізделген инсульттің ерте белгілерін анықтауға арналған «Cerebra» бағдарламалық жасақтамасы.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Гиният атқарылған жұмыстар мен іріктеліп алынған жобаларды жоғары бағалап, әрбір жобаға кедергілерді жоюға және практикалық денсаулық сақтау саласына тез арада толық көлемде енгізуге ықпал ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

ЦДИАӨМ баспасөз хабарламасы