Светлана Лукина | ВКонтакте

Ағымдағы жылғы 26 қыркүйекте Астанада «Индустрия 4.0: ақылды өнеркәсіптік
өндірістің озық тәжірибелері» тақырыбында халықаралық «Цифрлық трансформация» іс-
шарасы өтеді. Шараны Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
мен «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» «Цифрлық
экономика» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырады.
Стратегиялық сессия «Иннопром» өнеркәсіптік көрмесі шеңберінде өткізіліп, тау-
кен металлургия кешені, машина жасау мен өңдеу өнеркәсібі тақырыптары қамтылады.
Қатысушылар келесі негізгі мәселелерді талқылайды:
- Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп кәсіпорындарын цифрлық
трансформациялаудың ағымдағы жағдайы мен басым жобалары;
- Ірі компанияларды цифрландырудың кешенді тәсілі, әлемдегі және Ресейдегі
өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландырудың мысалдары;
- Өнеркәсіп кәсіпорындарын цифрлық трансформациялау үшін оларды қолданудың
технологиялары мен кейстері.
Іс-шараға мемлекеттік сектордың (Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және
құрылыс министрлігі) және технологиялық компаниялардың өкілдері - IDS Metra Robotics,
«1С» фирмасы, «СИБУР-Диджитал» ЖШҚ», «Green Mind» ЖШС, «Цифра» МК және тағы
басқалар қатысады.
Сонымен қатар, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, IT-компаниялардың
басшылары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, даму институттарының, Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясының ғылыми және сараптамалық
қоғамдастығының өкілдері аталмыш іс-шараға қатысуға шақырылады.
Бағдарлама және шараға тіркелу келесі сілтеме бойынша: https://digital-
economy.timepad.ru/event/2582111/