slider

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Ведомство басшысы өңірді цифрландыру барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралады. Сапар барысында Министр «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, ұжыммен кездесіп, клиенттермен әңгімелесті. Оқиға орнында Нәтиже орталығы арқылы өтініштерді қабылдау үрдісі талқыланды. Сондай-ақ ведомство басшысы Смарт Сити саласындағы цифрландыру жобаларымен танысты. Министр IKomek-те болып, Қостанай қаласы әкімдігінің Ахуалдық орталығының жұмысымен танысты. Министр қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін Бірыңғай коммуникациялар орталығын құру қажеттігін атап өтіп, сәулет және құрылыс саласында мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету жоспарлары туралы айтты. Сонымен қатар Бағдат Мусин «Қостанай-Су» МКК жұмысымен танысып, өндірісті автоматтандырумен танысты және ГАЖ жүйесін жаңғырту және IKomek-пен интеграциялау бойынша ұсыныстар берді. Аралау барысында коммуналдық кәсіпорындармен шарт жасасу үрдістерін автоматтандыру бойынша алдағы жоспарларымен бөлісті. Ведомство басшысы «Олжа Садчиковское» мал шаруашылығы кешені базасындағы «Ақылды сүт фермасында» болды. Мал шаруашылығы кешені заманауи технологиялық сауу залымен жабдықталған. Сондай-ақ кәсіпорын ІҚМ физиологиялық жай-күйін қадағалауға және аналық мал басын уақтылы ұрықтандыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізді. Сапар қорытындысы бойынша өңірді одан әрі цифрландыру бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

Дереккөз :https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/231393?lang=kk