Интернеттің қазақстандық сегментін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің болуына мониторинг жүргізу барысында «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ның KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Telegram-арналарының бірінде Telegram мессенджерін пайдаланушылардың дербес деректері туралы 744 мың жазбадан тұратын
файлды анықтады. Талдау нәтижесінде файлда пайдаланушының ID, аты, тегі, телефон нөмірі және «өзі туралы» деген бағандағы пайдаланушыны сипаттау сияқты жеке мәліметтер бар екендігі анықталды. Бұл ретте, қазақстандық телефон
нөмірлеріне 30 мыңнан астам аккаунт тіркелген. Telegram-арнаның авторы табылған файлды «Құдайдың көзі» платформасының клиенттер базасы ретінде сипаттайды, ол сұрау салу бойынша әлеуметтік желілерден, мессенджерлерден, іздеу жүйелерінен және басқа да дереккөздерден алынған ақпарат негізінде жиналған пайдаланушылардың дербес деректерін алуға мүмкіндік беретін ТМД-дағы ең ірі сервис (1 млн. астам пайдаланушы) болып табылады. Дербес деректердің бұндай таралуы зиянкестердің әлеуметтік инженерияда ақпаратты пайдалануында, атап айтқанда, дербес және банктік деректерді алу мақсатында қоңырауларды жүзеге асыру және хабарламалар жөнелту кезінде үлкен тәуекелге алып келеді.
Осыған байланысты Интернеттің қазақстандық сегментінің барлық пайдаланушыларына кибергигиенаны сақтаудың маңыздылығы туралы ескертеміз, сондай-ақ Интернетте жеке дербес деректерін енгізу кезінде қырағылық танытуды және үшінші тұлғаларға жеке ақпарат бермеуді сұраймыз.
 
АО «Государственная техническая служба»
Тел: +7-717-255-99-99
E-mail: info@ cert.gov.kz. 
incident@ cert.gov.kz. 

slider

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Ведомство басшысы өңірді цифрландыру барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралады. Сапар барысында Министр «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, ұжыммен кездесіп, клиенттермен әңгімелесті. Оқиға орнында Нәтиже орталығы арқылы өтініштерді қабылдау үрдісі талқыланды. Сондай-ақ ведомство басшысы Смарт Сити саласындағы цифрландыру жобаларымен танысты. Министр IKomek-те болып, Қостанай қаласы әкімдігінің Ахуалдық орталығының жұмысымен танысты. Министр қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін Бірыңғай коммуникациялар орталығын құру қажеттігін атап өтіп, сәулет және құрылыс саласында мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету жоспарлары туралы айтты. Сонымен қатар Бағдат Мусин «Қостанай-Су» МКК жұмысымен танысып, өндірісті автоматтандырумен танысты және ГАЖ жүйесін жаңғырту және IKomek-пен интеграциялау бойынша ұсыныстар берді. Аралау барысында коммуналдық кәсіпорындармен шарт жасасу үрдістерін автоматтандыру бойынша алдағы жоспарларымен бөлісті. Ведомство басшысы «Олжа Садчиковское» мал шаруашылығы кешені базасындағы «Ақылды сүт фермасында» болды. Мал шаруашылығы кешені заманауи технологиялық сауу залымен жабдықталған. Сондай-ақ кәсіпорын ІҚМ физиологиялық жай-күйін қадағалауға және аналық мал басын уақтылы ұрықтандыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізді. Сапар қорытындысы бойынша өңірді одан әрі цифрландыру бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

Дереккөз :https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/231393?lang=kk 

2021 жылғы 17 маусым мен 16 шілде аралығында цифрлық трансформация бойынша цифрлық вице-министрлерге (CDO), мемлекеттік органдарды цифрландыру департаменттерінің директорларына және "Зерде"холдингінің қызметкерлеріне арналған оқыту онлайн-тренингі өтті.

Іс-шараны "Зерде "холдингі" АҚ Астана Мемлекеттік қызмет хабымен және Эстония Республикасының электрондық басқару академиясының (eGA) қолдауымен БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырды және реинжиниринг және цифрлық трансформация процестерін жеделдетуге бағытталған, бұл өз кезегінде білім алушыларға бизнес-процестерді тиімді трансформациялау идеясы мен мүмкіндігіне ие болуға және мемлекеттік органның заманауи және бірыңғай АТ-архитектурасын құруға мүмкіндік берді.

Тренингке қатысушылар арнайы дайындалған бейне сабақтар бойынша дербес оффлайн және халықаралық спикерлердің қатысуымен онлайн форматта ZOOM-да оқыды.

EGA халықаралық сарапшылары өз сөздерінде тренинг қатысушыларына мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялаудың жаңа мүмкіндіктері және мемлекеттік органдарды цифрландыруды дамыту жөніндегі тиімді кейстер туралы айтып берді.

Алғашқы кіріспе сессиялар цифрландыру үшін қандай процестерді жоспарлау керектігін түсіндіруге арналды. Негізгі спикерлердің бірі Сийм Сиккут Мырза, Эстония үкіметінің АТ-директоры директордың Үкіметтегі Ақпараттық технологиялар жөніндегі рөлі, электрондық үкіметті жоспарлау және үйлестіру, сондай-ақ электрондық үкіметті енгізудің орнықтылығына қалай кепілдік беру туралы айтып берді.

EGA Басқарма мүшесі/Эстония үкіметінің алғашқы ат директоры Арво Отт мырза қауіпсіз және заңды ақпарат алмасуды ұйымдастыру үшін электрондық үкімет архитектурасындағы қандай компоненттер маңызды екенін айтты. Ақпараттық қоғамды құрудағы мемлекеттік процестерді қайта құру логикасын түсіндіру.

Эстония экономика және коммуникациялар министрлігі киберқауіпсіздік департаментінің директоры Рауль Рикк Мырза электрондық үкімет тұжырымдамасындағы ақпараттық қауіпсіздік және киберқауіпсіздік стратегиясын толық көлемде қалай іске асыру және үйлестірудің маңыздылығын атап өту туралы айтты.
Дереккөз: https://zerde.gov.kz/press/news/tsifrovaya-transformatsiya-gosupravleniya/ 

slider 

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанындағы Цифрлық трансформация орталығына (ЦТО) барды. Министр Бағдат Мусин вице-премьерді ЦТО жобаларымен таныстырды. ЦТО мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін нақтылап, оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың заманауи және ортақ ІТ-құрылымын жасау мақсатында мемлекеттік органдардың бизнес-процессіне реинжиниринг жасауға бағытталған. Іссапар барысында вице-премьер ЦТО қызметімен танысып, мемлекеттік органдардың әлеуметтік бағыттағы бизнес-үдерістерін қайта құру бойынша ақпаратты тыңдап, мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы өзгерістер мен оңтайландыру шаралары клиенттердің мүддесіне орай жүргізілу керектігін атап өтті. Ералы Тоғжанов дәрі-дәрмектер айналымы мен фармацевтика нарығындағы барлық өкілдерді, медициналық қызметтер мен науқастар тізімін, яғни күллі қызмет үрдісін цифрландыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мәселесіне ерекше тоқталды. Соның ішінде дәрі-дәрмектерді елге жеткізу және тіркеу жобасымен қатар бақылау және қадағалау жүйесін де енгізу арқылы дәрі-дәрмектер айналымын ашық және басқаруға қолайлы етуге, сондай-ақ осы саладағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге мүмкіндік туатыны да айтылды. Іссапар нәтижесінде вице-премьер ЦТО-ға әлеуметтік сала бойынша жаңа цифрлық шешімдер енгізу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/231073?lang=kk 

slider 

10 жыл бұрын, 2011 жылдың 16 шілдесінде Байқоңыр ғарыш айлағынан қазақстандық «Kazsat-2» байланыс және хабар тарату жерсерігі ұшырылды. Екінші ұлттық байланыс жерсерігін сәтті ұшыру және іске қосу Қазақстан Республикасының өзіндік жерсеріктік шоқжұлдызын құрудың маңызды кезеңі болды. «Kazsat-2» ғарыш аппаратының қызмет ету аймағы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын және Орталық Азия елдерін қамтиды. Орбитада 86,5° шығыс бойлықта орналасқан ғарыш аппараттарының белсенді өмір сүруі 12,5 жылға есептелген. Техникалық ресурс 14,5 жылды құрайды. «Kazsat-2» іске қосылғаннан кейін байланыс операторларына байланыс қызметтерін ұсыну, ақпараттық қызмет аясын кеңейту, электронды үкімет, интернет және ұялы байланыс жұмысын жақсарту мүмкіндігі айтарлықтай өсті. «KazSat-2» жерсерігі пайдалануды бастағаннан кейін 10 жыл өткен соң да штаттық режимде жұмыс істейді. 16.07.2021ж. жағдайына ғарыш кемесінің жүктемесі 70% құрайды. «KazSat-2» қызметтерін 11 ірі жерсеріктік операторлар пайдаланады, KazSat-2 ғарыш аппараты арқылы жұмыс істеуге рұқсат етілген жерсеріктік жер станцияларының саны Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5 119 бірлікті құрайды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың 16 шілдесіне шаққанда «Kazsat-2» 3654 тәулік бойы ұшып жүр, осы уақыт аралығында 13 мың жерсеріктік басқару сеанстары өткізілді, байланыс және хабар тарату ғарыш аппараттарын басқаруды қамтамасыз етуге кем дегенде 40 инженер қатысты. Бүгінде екі аппараттан («Kazsat-2», «Kazsat-3») және «Ақкөл» (Ақмола облысы) және «Көктерек» (Алматы облысы) екі басқару кешенінен тұратын «Kazsat» ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесі стратегиялық және ақпараттық қауіпсіздікке кепілдік бере отырып, Қазақстан Республикасын байланыс және хабар тарату қызметтерімен толықтай қамтамасыз етеді. KazSat байланыс жерсеріктерінің қызметтерін ел аумағында 13 мыңнан астам жер станциялары бар қазақстандық 15 негізгі байланыс және хабар тарату операторлары пайдаланады. «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесінің жалпы жүктемесі қазіргі уақытта шамамен 73% құрайды. «Кazsat-2» жерсерігінің ұшырылғанына 10 жыл толатын айтулы күні «РҒБО» АҚ ұжымында Қазғарыш басшылығы мен серіктестерінің қатысуымен онлайн режимде салтанатты іс-шара өткізіледі.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/230531?lang=kk