JP CashCraze - шаблон joomla Продвижение

Новости  одной строкой

10 апреля В Астане состоялось очередное заседание Совета Ассоциации.
 
27 марта  Руководство КАИТК приняло участие во встрече Министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности  Казахстана А. Жумагалиева с ИТ-сообществом
 
 

Кіру тәртібі

Ассоциацияның мақсаты мен міндеттерінқолдайтын, жарғысын орындаған және ақпараттық технологиялар саласында қызмет атқаратын ҚР-ның әр бір заңды тұлғасы «АТ компаниялардың Қазақстандық Ассоциациясы» ассоциация формасындағы заңды тұлғалар мүшесі бола алады.
Ассоциация мүшелігіне қабылдау жазбаша өтініш негізінде өткізіледі
Ассоциация мүшелігіне қабылдау жөніндегі шешімді Кеңес қабылдайды (дауыс беру ашық және жабық түрде өткізіледі).
Ассоциацияның барлық мүшелерінің, қатысушы болсын немесе ұйымға кейін кіретіндер, жалпыға бірдей құқықтары бар, бірдей мүшелік жарналарды төлейді және Ассоциация ұйымдастыратын барлық мерейтойларға қатысып, жұмысшы топтарында жұмыс істеп, Ассоциация Кеңесінің отырыстарына қатыса алады.

Ассоциацияға кіру үшін кандидатқа келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1. Ассоциацияға кіру туралы өтініш;
2. Бекітілген формадағы кандидат сауалнамасы;
3. Компанияның қызметі және дамуы туралы қысқаша түйіндеме;
4. Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
5. қызметкерлердің санын растайтын статистикалық есептің көшірмесі (1-Т немесе 2-МП).


Кіру жарнасын Ассоциация мүшелігі туралы келісімге қол қойылғаннан кейін 10 күннің ішінде толеу қажет:

1. адам саны 1-15 дейін жететін компания үшін кіру жарнасы – 15.000 тг. (он бес мың)

2. адам саны16-50 дейін жететінкомпанияның кіру жарнасы – 60.000 тг. (алпыс мың)

3. адам саны 51-ден асатын компанияның кіру жарнасы 80.000 тг. (сексен мың)

Жылдық мүшелік жарнаның мөлшері компанияның 1 жұмыскердің 4 МРП есептеуінен анықталады. Екінші және келесі жылдық мүшелік жарнасын әр бір Ассоциация мүшесі әр бір жылдың қаңтарында төлеу керек.

Кандидат тек Кеңес отырысы хатамасы дайындаған КАИТК Кеңесінің құптарлық шешімінен кейін, Ассоциация мүшелігі туралы келісім-шартқа қол қойылып, кіру жарнасын төлегеннен кейін Ассоциация мүшелігіне кірді деп есептелінеді. Ассоциация құрамына қайта кіргендер барлық құқықтарға ие болып, кіру жарнасын төлегеннен кейін Ассоциация мүшелерінің міндеттерін атқарады.