Бүгін Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесіне қатысушы елдер делегацияларының Нұр-сұлтан қаласына сапарының екінші күні.

Делегацияларды аралаудың бірінші пункті "Азаматтарға арналған үкімет"КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету орталығы болды. "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ басшысы А.Кожихов бір ХҚКО мысалында, сондай-ақ бүкіл Қазақстан бойынша ХҚКО-ларда азаматтарға ұсынылатын функционал, операциялар және қызметтер туралы айтып берді.

Бүгінгі күні 698 қызметтің 674-і (96.4%) цифрландырылған және олнайн көрсетіледі, оның ішінде 505 қызмет e-gov порталы арқылы көрсетіледі.

Бұдан әрі, қонақтардың өтініші бойынша біз Kaspi Bank бөлімшелерінің біріне жол тарттық, өйткені бүгінгі күні Банктің қосымшасы өзінің қолайлылығы мен пайдаланудағы қарапайымдылығына байланысты халық арасында ең танымал болып табылады.

Сондай-ақ, делегаттар "Ақылды" қаланы құратын елорданың цифрландыру орталықтарына барды. IQala қалалық қызмет көрсету орталығы, iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығы.
Бұл орталықтарда қызметкерлер ақпараттық жүйелердің, мобильді қосымшалардың көмегімен қала тұрғындарына түрлі қызметтерді қалай көрсететіндерін және олардың сұраныстары мен шағымдарына жедел жауап беретіндерін, сондай-ақ қандай да бір қалалық кәсіпорынның жұмысын талдай отырып, оның жұмысы қалай жетілдірілетіні туралы айтып берді.

дереккөз: https://www.instagram.com/p/CUXP_AEsQyR/?utm_source=ig_web_copy_link