Астанада алғаш рет «Индустрия 4.0: ақылды өнеркәсіптік өндірістің озық
тәжірибелері» тақырыбында халықаралық «Цифрлық трансформация» өтті.
Іс-шараға Қазақстан мен Ресейден озық цифрлық шешімдерді әзірлеуші
мемлекеттік ұйымдары, өнеркәсіптік кәсіпорындары, АТ-компаниялары атынан 70-тен
астам сарапшы қатысты.
Аталған іс-шараны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі және «QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ
Ресейдің «Цифрлық экономика» АНО-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шара барысында тараптар өнеркәсіп салаларын цифрлық трансформациялаудың
негізгі мақсаттары мен бағыттарын және өнеркәсіптің цифрлық экожүйесін құру
тәсілдерін талқылады.
Жұмыс қорытындысы бойынша тараптар үздік тәжірибелермен алмасу, білім беру
және сараптамалық іс-шараларды өткізу, екі елдің озық шешімдерінің тізбесін
қалыптастыру, оларды бейімдеу және екі елдің нарықтарында пайдалану жөніндегі
тетіктерді құру, сондай-ақ оларды халықаралық нарықтарға жылжыту жөніндегі жүйелі
жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігінің баспасөз қызметі