TechGarden Германиядағы Strategic Minds Company және AQ-i орталығымен бірлесіп, Қазақстандық өнеркәсіптік ұйымдардан және IT компаниялардан топ-менеджерлерді тарта отырып, өнеркәсіптік Road Show-ды сәтті аяқтады.

Road Show – кәсіпкерлер инвесторлар және ірі клиенттермен кездесулер өткізетін тур. 

Германия, 2023 жылғы 17 шілде. Tech Garden компаниясы Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚР ЦДИАӨМ) қолдауымен Strategic Minds Company (Германия) және AQ-i (Қазақстан) орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған Германиядағы алғашқы өнеркәсіптік Road Show-ты сәтті аяқтады. Іс-шара қазақстандық өнеркәсіп саласындағы топ-менеджерлерінің және Индустрия 4.0 озық технологияларын енгізетін компаниялардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Жеті күн ішінде Road Show қатысушылары тау-кен, мұнай-газ, металлургия, сондай-ақ машина жасау мен энергетика салаларында жұмыс істейтін ірі неміс зауыттары мен кәсіпорындарына барды. Сапар барысында қазақстандық делегация Германияның жетекші кәсіпорындарында Индустрия 4.0 элементтерін енгізудің озық тәжірибелерімен танысты.

Road Show ұйымдастырушылары озық инновацияларды енгізуде табысты тәжірибесі бар компанияларды мұқият іріктеу арқылы делегацияның әрбір қатысушысына бағдарламаның жоғары тиімділігін көрсетуге тырысты.

Road Show бағдарламасы аясында қатысушылар неміс бизнесінде және саясатта жетістікке жеткен азаматтармен кездесті. Германияның Экономика және климатты сақтау министрлігі, цифрландыру және 4.0 индустрия департаментінің  директоры– Э.Штёкл-Пукал мырзамен, Бундестаг депутаты – Т. Хайльманн мырзамен, Германияның минералды ресурстар агенттігі (DERA) директорының орынбасары – С.Шульц мырзамен, шағын және орта бизнестің Федералды одағының президенті – Германияның кәсіпкерлер одағы– А.Ян мырзамен кәсіпкерліктің орнықты дамуы, жасыл технологиялар мен инновациялардың перспективаларының өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ STEAG Walsum (жел және электр энергиясын өндіру), TÜV Nord (техникалық қадағалау және өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұйымдары), GEFERTEC GmbH (металл компоненттерін өндіру технологиялары бойынша жетекші кәсіпорын), EBERO (smart city және инфрақұрылымдағы техникалық шешімдер) және т.б жетекші неміс кәсіпорындарының өкілдерімен, сондай-ақ түрлі қауымдастықтармен кездесулер өткізілді. 

Strategic Minds Company және AQ-i  орталығы тарапынан белсенді ынтымақтастық пен қолдау қазақстандық компаниялар үшін Индустрия 4.0 саласындағы жетекші неміс кәсіпорындарының озық технологиялары туралы ақпарат алуға, тәжірибе және идеялар алмасуға, сондай-ақ Қазақстандағы өз кәсіпорындарын цифрлық трансформациялауды дамыту үшін жаңа көзқарас қалыптастыруға бірегей мүмкіндік берді. Strategic Minds Company неміс компанияларын жаңа нарықтарға шығуына қолдау көрсетеді және Германия кәсіпорындары мен басқа елдер арасында серіктестік байланыстар орнатуға ықпал етеді. AQ орталығы өз кезегінде кәсіпкерлер мен саясаткерлердің Қазақстаннан Германияға делегациялық сапарларын ұйымдастырады, үйлестіреді және сүйемелдейді, қазақстандық және неміс компаниялары арасында әріптестік қатынастар орнатуға ықпал етеді.

«Біз қазақстандық компаниялардың инновацияларды енгізіп, дамуы үшін тиісті қолдауды жалғастырамыз және Road Show сияқты іс-шаралардың арқасында Германия мен Қазақстан арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға жәрдемдесуге дайынбыз» -деп атап өтті Tech Garden бас директорының бірінші орынбасары – Әділ Жұмабаев. 

Германиядағы алғашқы өнеркәсіптік Road Show қатысушылары отандық компаниялардың инновацияларды тұрақты дамытуға деген ортақ ұмтылысын көрсете отырып, Қазақстан экономикасының түрлі салаларын таныстырып өтті. Road Show мүшелерінің тізіміне келесі компаниялар кірді:

«Advanced Business Technologies» ЖШС (ABiTech) – Ақпараттық технологиялар және цифрлық трансформация саласында инновациялық шешімдерді әзірлеуге және енгізуге бағытталған.

«AG TECH» ұйымы – өндірісті жақсарту және өнімділікті арттыру үшін ауыл шаруашылығында технологияларды әзірлеумен және енгізумен айналысады.

«Optimum» жобалау институты ЖШС –өнеркәсіп және құрылыс салаларында инженерлік шешімдер мен жобалау әзірлеу бағытында жұмыс істейді.

«Kazpetrol Group (Казпетрол Груп)» ЖШС  мұнай өнімдерін өндірумен айналысады.

«Каспийнефть» АҚ – Қазақстандағы ең ірі мұнай компаниясы, көмірсутектерді барлауға, өндіруге және өңдеуге  бағытталған. 

«АлматыГеоЦентр» ЖШС–геологиялық және геофизикалық қызметтерді ұсынады. 

«AIMI Automation Services» ЖШС – өндірістік процестерді автоматтандырумен және өнеркәсіптік роботтарды енгізумен айналысады.

«Belka AI» ЖШС-табиғи ресурстарды қайта өңдеудің өндірістік процестерін оңтайландыру үшін жасанды интеллект шешімдерін әзірлейді және енгізеді.

Strategic Minds Company (Германия) – Стратегия және менеджмент мәселелері бойынша жетекші консалтингтік компания, неміс компанияларына шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнатуға жәрдемдеседі.

«AQ-i орталығы» ЖШС (Қазақстан) – делегациялық сапарларды ұйымдастыруға арналған және қазақстандық және шетелдік компаниялар арасындағы әріптестік қатынастарды дамытуға жәрдемдеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Германиядағы Road Show бағдарламасы 2023 жылдың 2-8 шілдесі аралығында өтті. Қатысушылар Берлин, Дюссельдорф, Дуйсбург, Эссен және Кельнде орналасқан 4.0 индустриясының жетекші кәсіпорындарына барды. 

Германияда өнеркәсіптік Road Show өткізу шеңберінде Tech Garden компаниясы өзара тиімді ынтымақтастық және инновациялық жобаларды таныстыруда белсенділік танытты. Іс-шара барысында қазақстандық ұйымдар неміс компанияларымен аддитивті технологиялар, Smart View, сондай-ақ Индустрия 4.0 технологияларын цифрландыру және енгізу саласында меморандумдарға қол қою бойынша маңызды келісімдерге қол жеткізді.

Tech Garden және аддитивті технологиялар саласындағы көшбасшы компаниялар арасында өнімді 3D форматында шығару арқылы материалдарды өндіру мен қолданудың озық тәсілдерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негізгі келісімдерге қол жеткізді. Аддитивті технологиялар бойынша меморандумдарға қол қою өнеркәсіптік инновацияларды дамыту, сондай-ақ Қазақстанға заманауи шешімдерді тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/590478?lang=kk