Astana Hub 2019 жылдан бері шетелдік IT-компаниялармен ынтымақтасады және оларды Технопарк экожүйесінің қатысушылары ретінде тартады. Astana Hub қатысушылары салықтық преференциялар, жеңілдетілген визалық режим, PR, IT қауымдастығы мен халықаралық инвесторларға қолжетімділік алады. Осылайша, шетелдік IT-компаниялардың бейімделу процесі жылдамырақ және олар өз кезегінде бүкіл әлеммен бизнес жүргізу үшін Қазақстанда жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Өткен жылы технопарктің жаңа қатысушылары шетелдік IT-компаниялардың рекордтық саны -25, ал 2022 жылдың басынан бастап оларға тағы 4 шетелдік IT-компания қосылды. Технопарктің қатысушылары Қырғызстан, Ресей, Украина, Беларусь, Израиль, БАӘ, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Сингапур, Ұлыбритания және АҚШ-тан келген 69 компания болып табылады.

Жаңа қатысушылардың бірі — Қазақстан нарығында Corp Entry жобасын іске қосқан кипрлық DARMIUS IT-компаниясы. Жоба компания қызметкерлеріне компанияның қызметі, оның қағидаттары мен жоспарлары, жұмыс процестері, оқиғалар, ішкі ережелер мен компанияда қолданылатын саясат туралы ақпаратқа орталықтандырылған қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған. Сондай-ақ, жаңа стартаптардан-телемедицина саласындағы украиналық Dariger Online компаниясы, тәулік бойы және демалыссыз түрлі біліктілігі мен мамандануы бар дәрігерлердің консультациялары түрінде қашықтықтан білікті медициналық көмек алуға мүмкіндік беретін медициналық онлайн консультациялар сервисі.

«Шетелдік IT-компаниялар Қазақстанға қызығушылық танытуда. Биылғы жылы Astana Hub қатысушыларының арасында бұдан да көп шет елдердің өкілдері шығады деп күтеміз. Бізде әлемнің түкпір-түкпіріндегі стартаптарды қызықтыратын бірқатар бағдарламалар бар және біз Astana Hub-тағы жұмыс жағдайларының қолайлы болуын қамтамасыз ету үшін үнемі жұмыс істеп жатырмыз», - деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.