Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «ҰАТ» АҚ мен «KazAID» Қазақстан халықаралық даму агенттігінің бірлескен ынтымақтастығы арқасында бүгінде электронды үкіметті дамыту саласындағы қазақстандық IT-шешімдер: «Smart Bridge», «Бірыңғай интернет платформасы. мемлекеттік органдардың ресурстары» және «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесі Тәжікстанға экспортталды.

Президенттер қол қойған Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Өзара одақтастық іс-қимыл туралы декларация шеңберінде Тәжікстанның ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту саласындағы қазақстандық тәжірибемен бөлісу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Тәжікстан Республикасының Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігі арасында Электрондық үкімет платформасының жүйелерін ұсыну саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік Меморандумына қол қойылды. Қазіргі уақытта «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ техникалық мамандарының командасы Меморандумды жүзеге асыру мақсатында Тәжікстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіндегі әріптестерімен бірлесіп, Душанбе қаласында Тәжікстанның ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының цифрлық тұрғыда жетілуіне және Қазақстандық IT-шешімдерді енгізу мүмкіндіктеріне техникалық бағалауды жүзеге асыруда.

2023 жылғы 21 желтоқсанда «ҰАТ» АҚ командасы Тәжікстанның Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігіне электрондық үкіметтің компоненттерін ұсынуға қатысты алғашқы тәжірибелік көмегін жүзеге асырды. Цифрлық дайындықты бағалау және IT-шешімдерді енгізу - жаңа технологиялар мен жүйелерді зерттеу, талдау, жоспарлау және енгізуді қамтитын кешенді процесс. Техникалық команда Тәжікстанның қолданыстағы ақпараттық жүйелеріне шолу жасап, сонымен қатар, Қазақстанда қолданылатын тәжірибелерді зерделей отырып, осы міндеттерді орындауға кірісті. Алдын ала жасалған қорытындылар бұл бірлескен бастаманың екі тарап үшін де сәтті және пайдалы болатынын көрсетті.

Экспортталатын IT-шешімдердің негізгі функциялары:

«Smart Bridge» - бұл мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен бизнес секторы арасындағы интеграцияның жеңілдетілген процесіне арналған платформа.

Smart Data Ukimet - бұл мемлекеттің цифрлық трансформациясының базалық негізі ретінде экономикалық өсімді мониторингілеу және мемлекеттік бағдарламаларды орындау, ауқымды деректердің бірыңғай кеңістігін құру жөніндегі құралдардың жиынтығы.

«Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы» - бұл мемлекеттік органдардың сайттарын ыңғайлы интерфейсі және оңайлатылған навигациясы бар бірыңғай және ыңғайлы құрылымға біріктіретін азаматтарға арналған бірегей платформа.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Президенті 2026 жылға қарай ақпарттық технологиялар қызметтерінің экспортын бір миллиард долларға дейін ұлғайту міндетін қойған еді. Қазақстандық IT-шешімдердің Тәжікстан Республикасына экспортқа шығуы екі елдің сенімді ынтымақтастығын көрсетеді. Ал бұл цифрландыруды өңірлік деңгейде дамытуға жәрдемдесетіні анық.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі