Бүгін,  12 шілдеде ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды.

Жұмыс сапары аясында ол шыны шығаратын және өнеркәсіптік өңдеумен  айналысатын "Стекло-Сервис" компаниясына ат басын бұрды. Жақында "Стекло-Сервис" ЖШС Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттіктен өндірістік кешенін жаңғыртуға грант алған болатын.

Сондай-ақ, сапар аясында Бағдат Мусин Орал қаласында Jaiq-Hub-тың салтанатты ашылуына қатысты, ол түрлі өңірлерде it-мектептер мен хабтарды ашу бойынша министрліктің жұмысы аясында өтті. Министр ІТ Hub жастарымен және резиденттерімен кездесіп, ақпараттық технологиялар саласындағы үздік жобалармен жеке танысты. Өңірлік хаб алдағы уақытта Astana Hub қолдауымен инновациялық жобаларды дамытумен, iт-салада кадрларды даярлаумен және оқытумен айналысатын болады. Естеріңізге сала кетейік,Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жоғары деңгейлі IT мамандарды даярлауды және инженерлік мамандықты кеңінен насихаттауды тапсырған болатын. Осы тұрғыда жастарды ІТ мамандығына баулудың маңызы зор. Сонымен қатар, хабта стартаптардың, инвесторлардың, менторлардың it-қауымдастығы құрылады, оған барлық мүдделі тұлғалар қосыла алады. Стартап-жобаларды әзірлеу кезінде инкубациялық кезеңде кәсіпкерлікке оқыту, инвестициялар тартуға көмектесу, қаржылық есеп жүргізу және PR-қолдау жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, ҚР цифрлық даму министрі облыс тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында халық тарапынан байланыс және интернет сапасын арттыру, IT-мамандарды қолдау, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында маңызды сұрақтар қойылды. Бағдат Мусин тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, оларды шешу жолында жұмыс жүргізілетінін атап өтті.Сонымен қатар, министр түрлі мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдады.Сапар соңында цифрлық ведомство басшысы облыс әкімі Нариман Төреғалиевпен кездесті, онда цифрландыру саласындағы өңірді дамыту бойынша өзекті мәселелерді талқылап, байланыс пен интернетті қамтамасыз ету жөніндегі жол картасына қол қойды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/587480?lang=kk