Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды.  Іс-сапар барысында  ведомство басшысы халықпен кездесу өткізіп, министрліктің жүргізіп жатқан жұмыстарының нәтижелерін айтты.

Бағдат Мусин кәзіргі таңда байланыс сапасын жақсарту негізінде бірқатар белсенді іс-шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, айыппұлдар мөлшері 100-ден 1000 АЕК-ке  200-ден 15000 АЕК-ке дейін өскені жайлы айтты.

"Жыл басынан бері біздің ведомство 270-тен астам тексеру жұмыстарын жүргізіп, оның қорытындысы бойынша айыппұл сомасы 514 млн.теңгені құрады. Нәтижесінде байланыс операторларының сапасын жақсартатын станцияларды жабдықтап, қайта орнатты: Алматыда 8 жаңа базалық станция орнатылды, 5 жақсартылды. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасады» - деді Бағдат Мусин.

Сонымен қатар, Бағдат Мусин еліміздегі мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуы  94% - ға жеткенін, 20 түрлі құжат eGov Mobile және екінші деңгейдегі банктердің мобильды қосымшаларында электрондық форматта қолжетімді екенін айтты. Алдағы мақсат-проактивті форматқа көшу, ол қазірдің өзінде 26 қызметте қолданылады,  жақын арада 38-ге жетеді. Сондай-ақ, ведомство басшысы QR-қолтаңбасының жақын арада енгізілетіні туралы хабарлады.

Цифрлық даму министрлігі әлеуметтік салаларды цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес "отбасының цифрлық картасы" жобасы құрылды. Ақпараттық жүйе азаматтарға проактивті форматта, яғни қызмет алушыдан өтініш күтпей ақ көмек көрсетуді көздейді. Мұнда күн сайын 80 параметр бойынша 6 млн қазақстандық отбасының деректері жаңартылады.

Бұл жобалардың барлығы белсенді түрде көрсетілетін "көрінбейтін мемлекет" құру сияқты бағыттың бір бөлігі болып, проактивті қызмет көрсету түрі болады.

Цифрлық саланы қолдау және үдемелі дамыту үшін елге білікті IT-мамандар қажет.  ҚР Президенті  Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылға қарай 100 мың айти мамандарын дайындау керек. Ол үшін IT-мектептерінде оқуға 3 мың грант бөлуді көздейтін ваучерлік жүйе құрылды. Алматы қаласында Techorda бағдарламасына 14 it-мектеп қатысты.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/466033?lang=kk