QazInnovations Instagram парақшасында хабарлағандай, "Зерде "холдингі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марлен Сихаев 2021 жылғы 9 қыркүйекте "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры ұйымдастырған "АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің экономиканы цифрландыру саласындағы ынтымақтастығының мүмкіндіктері"халықаралық форумында сөз сөйледі.

Марлен Сихаев қызметті цифрлық трансформациялауды ынталандыру үшін ШОБ мемлекеттік қолдау шараларына арналған сессия шеңберінде стартаптың даму кезеңдері және оларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.

Форумда сондай-ақ АӨСШК кеңістігінде экономиканы цифрландыру, мемлекеттік деңгейде және жеке секторда цифрландыру бағдарламалары, цифрландыру процестерінің ШОБ пен жалпы экономиканы дамытуға әсері, сондай-ақ тәжірибе алмасу және озық технологияларды қолдану арқылы цифрландырудың өзекті мәселелерін шешу үшін АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің өкілдері арасында ынтымақтастықты жолға қою мәселелері талқыланды.

дереккөз: https://www.instagram.com/p/CTy6bsnLqM8/?utm_source=ig_web_copy_link